Республика Казахстан, г.Нур-Султан,
ул. А.Бектурова 3/1, офис 83
+7 717 2 78 35 69, opinions@opinions.kz

«ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР» ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтын 2013 жылы 22 жылдан астам кәсіби жұмыс тәжірибесі бар әлеуметтанушылар тобы құрды. Институт қоғамдық пікірді зерттеуге маманданған, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Институттың жоғары кәсіби сарапшы-әлеуметтанушылары Орталық Азия, Батыс Еуропа, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, АҚШ, Канада және т.б. елдерде зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.

Зерттеу институтының қызметкерлері European Society of Marketing Research Professionals ESOMAR (www.esomar.org), World Association for Public Opinion Research (WAPOR), Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылар одағы, WVS (Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу бойынша жоба) сияқты халықаралық кәсіби желілердің мүшесі болып табылады.

2018 жылы Институт WVS-7 (Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу бойынша жоба) мүшесі болды. «Әлемдік құндылықтар» зерттеу бағдарламасы (World Values Survey) - бұл әлеуметтану және әлеуметтік ғылымдар саласындағы әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми бағдарлама және зерттеу желісі, сондай-ақ құндылықтар жүйесін зерделеу және атап айтқанда, құндылықтарды өзгерту жөніндегі жоба. 2018 жылдың мамыр айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «Әлемдік құндылықтар» зерттеу ұйымы (Австрия, Вена) «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): Мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйым, тарих, нәтиже»/The World Values Survey (1981-2018): Exploring the Cultural Change. Organization, History, Findings ғылыми семинарын өткізді. Ғылыми семинарда сөз сөйлегендер: профессор «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығының президенті (WVSA) – Кристиан Херпфер, «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығы хатшылығының басшысы – Ксения Кизилова және т.б.

«Қоғамдық пікір» институты өз зерттеулерінде ESOMAR (www.esomar.org) стандарттары мен нормаларын басшылыққа алады. Институттың бірқатар қызметкерлері Канзас университетінің респонденттерімен жұмыс барысында этика бойынша курсын өтіп, сертификатқа ие болды (Collaborative institutional training initiative (CITI Program).

Институттың Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде тұрақты интервьюерлік желісі бар, сонымен қатар, институт ТМД елдерінің және әлемнің басқа да мемлекеттерінің зерттеу құрылымдарымен серіктестік қарым-қатынасты қолдайды. «Қоғамдық пікір» институты қызметінің ерекше бағыты - ғылыми жұмыс. Институт қызметкерлері академиялық іргелі зерттеулерге үнемі қатыса отырып, әлемнің түрлі ғылыми басылымдарында мақалалар жариялап отырады. Әлемнің бірқатар жетекші талдамалық құрылымдарымен әріптестік қарым-қатынасты қолдайды, халықаралық бейінді ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасып жатыр. Сонымен қатар, институтта Қазақстанның және бірқатар шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары тағылымдамадан өтеді.

Зерттеу институты ақпарат жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік зерттеулерді жүзеге асырады. Институт зерттеулерді планшет, ноутбук, ұялы телефон көмегімен жүргізеді.

Күрделі зерттеу міндеттерін шешу үшін институт әлеуметтанушылары зерттеулердің жаңа әдістерін, оның ішінде пәнаралық әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік экспедициялар форматында зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлейді. Қажет болған жағдайда түрлі бағыттар бойынша қосымша сарапшылар тартылады.

Институт әлемнің түрлі елдерінің танымал зерттеушілері, сарапшылары және ғалымдарымен үнемі сараптамалық кездесулер өткізеді. Ғалымдар, зерттеушілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес талдау құрылымдарының өкілдері, магистранттар, докторанттар шақырылады. Сараптамалық кездесулер 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді.

VII және VIII Астана экономикалық форумы шеңберінде (2014 жылғы мамыр, 2015 жылғы мамыр) Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырған «Еуразиялық интеграцияны қоғамдық қабылдау» панельдік сессиясы өтті. Әрі қарай


НОВОСТИ
Tilda Publishing
© 2013-2020. Исследовательский институт «Общественное мнение»
При использовании материалов ссылка на исходную страницу www.opinions.kz обязательна.