Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2021 жылғы 29 қазанда The St. Regis қонақ үйінде (Нұр-Сұлтан қ.) Фридрих Эберт атындағы Қордың Өкілдігі «Қазақстан жастары: құндылықтарын, сенімін, мақсатын бағалау» тақырыбына зерттеуін таныстырды. Зерттеу Германияда 1953 жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан «Shell Youth Study» неміс әдіснамасына негізделген. Іс-шараға әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ғылыми кеңесші, жобалар жөніндегі директор Ботагөз Ракишева және әлеуметтану магистрі, атқарушы директор Айнұр Мажитова қатысты.

Ботагөз Ракишева «Фридрих Эберт қорының жастар зерттеулері: тарихы, әдістемесі, нәтижелері» тақырыбына баяндама ұсынды. Ботагөз Ракишева баяндамасында әлемнің бірқатар елдерінде өткізілген «Shell Youth Study» неміс әдіснамасы бойынша жастар зерттеулерін жүргізу тарихымен бөлісті.