Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2022 жылғы 15-17 маусым аралығында Институт директоры Г.Т. Ашкенова және директордың орынбасары А.Б. Мажитова Түркістан қаласында жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтік зерттеулер бойынша семинар-тренингте дәріскер ретінде қатысты. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты–өңірлерде дін саласындағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу сапасын арттыру. Семинарға Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан дін істері басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың дін мәселелерін зерделеу жөніндегі мамандары қатысты.

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/Ce2cEq1Ic5F/?igshid=MDJmNzVkMjY=