Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2022 жылғы 16 маусымда ә.ғ.к., ғылыми кеңесші, жобалар жөніндегі директор, Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеудің дүниежүзілік қауымдастығының (WAPOR) ресми өкілі Б.И. Ракишева және жобалар жетекшісі, WAPOR мүшесі А.Ф.Айжанова «Еуразиялық барометр 2021: Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украинадағы әлеуметтік және саяси пікірлерді салыстырмалы зерттеу» вебинарына қатысты. Вебинарды ұйымдастырушылар: WAPOR, «Барометрдің жаһандық сауалнамалары» ұйымы (GBS), сондай-ақ GBS серіктес – «Еуразиялық барометр» командасы (EAB). Вебинар онлайн өткізілді, оған 40-тан астам тыңдаушы қатысты.

Вебинар аясында баяндамашылар 2021 жылдың қазан-қараша айларында Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украинадағы Еуразиялық барометр сауалнамасының соңғы нәтижелерін ұсынды. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты бұл зерттеуді Қазақстанда, сондай-ақ Қырғызстанда серіктестермен бірлесіп жүзеге асырған болатын. Вебинар аясында Б.И. Ракишева интернет және ақпараттық кеңістіктегі әлеуметтік желілер контексінде Қазақстан мен Қырғызстандағы сауалнаманың кейбір нәтижелерін ұсынды.

Толығырақ:https://wapor.org/resources/wapor-webinars/