Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2022 жылғы 7 маусымда ғылыми кеңесші, жоба жетекшісі, ә.ғ.к. Ботагөз Рақышева «Өзгермелі әлемдегі мемлекеттік саясат және тиімді басқару» атты 6-шы жыл сайынғы халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі, мемлекеттік қызметтің Астаналық хабы және SDSN Қазақстан қызметі.

Конференция аясында 6 панельдік сессия өткізілді.

Сессиялар аралас форматта (онлайн/офлайн) ағылшын тілінде өтті. Б.И. Рақышева адамдарға бағытталған басқару жолында: елдер перспективалары турасындағы 1-ші сессия аясында Стэнфорд университеті Демократия, даму және заң үстемдігі орталығының басқару жобасы аясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару» әлеуметтік зерттеулері: жобаны ұйымдастыру, әдістеме, нәтижелер» тақырыбында баяндама жасады.