Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2022 жылғы 8-10 маусым аралығында Институт директоры Г.Т. Ашкенова және директордың орынбасары А.Б. Мажитова Нұр-Сұлтан қ. жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтік зерттеулер бойынша семинар-тренингте дәріскер ретінде қатысты. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылды.

Семинардың негізгі мақсаты – өңірлерде дін саласындағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу сапасын арттыру. Семинарға Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы дін істері басқармалары және дін мәселелерін зерделеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары қатысты