Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2022 жылғы 9 маусымда ғылыми кеңесші, жобалар директоры, ә.ғ.к. Ботагөз Рақышева Түркістан қаласында өткен "Integration Code 2022" Адами капитал жөніндегі халықаралық форумға қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары: Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, UP және UNDP Қазақстан Даму мектебі.

Форум аясында пленарлық отырыстар, TED форматындағы баяндамалар, параллель секциялар, командалық ойындар және мастер-класс өткізілді. Форум орыс тілінде оффлайн форматта өткізілді. 

Б.И. Рақышева "Қоғам және басқару. Әл-Фарабиден жаңа шындыққа дейін" панельдік сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Секция модераторы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов болды.