2023 жылғы 26-28 мамырда Институт қызметкерлері, қазақ диаспорасының зерттеушілері – Б.И. Ракишева, Г.Т. Ашкенова және А.Б. Мажитова Кельн қаласында (Германия) өткен Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысты. Ұйымдастырушы тарап «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен Кельн қаласындағы Қазақ мәдени орталығы болды.
Құрылтай аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы көшбасшыларының кездесуі, жастар конференциясы, футбол турнирі, концерт, Қазақстаннан келген қолөнершілер мен суретшілердің сауда жәрмеңкесі, көрмелер, ұлттық ойындар, фотосессиялар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, құрылтай Еуропа мен Қазақстанның түрлі елдерінен 2000-нан астам қазақты жинады, бұған қоса Қазақстаннан Германияға қоныс аударған неміс этникалық тобынан бұрынғы отандастары қатысты.
Кельн қаласындағы Қазақ мәдени орталығына және «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымына Құрылтайды тамаша ұйымдастырғаны және осындай маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.
Дереккөз: https://www.oq.gov.kz/ru/news/820-kuryltay-kazakhov-v-germanii