2023 жылғы 27 маусымда құрылтайшы, жобалар жөніндегі директор Ботагоз Ракишева, директордың орынбасары Айнур Мажитова, талдаушы-әдіскер Каламқас Есимова және Институтқа шетелден келген тағылымдамашы Юджиния Пеши 2024-2028 жылдарға арналған шетелде тұратын отандастармен жұмыс жөніндегі Қазақстан Республикасының коммуникациялық стратегиясына ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырысты Астана қаласындағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (ХКҰ) ұйымдастырды.
Отырыстың мақсаты - осы құжатқа жалпымемлекеттік тәсілді енгізу мақсатында стратегия жобасына түйінді ұсынымдар мен пікірлер әзірлеу. Отырыс аясында Ботагоз Ракишева ХКҰ тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы тамыз аралығында жүргізген «Қазақ диаспорасын картаға түсіру мақсатында ономастикалық талдау» жобасының нәтижелерін ұсынды.
Сондай-ақ, отырыс барысында қазақстандық диаспорамен және шетелдегі отандастармен қарым-қатынас стратегиясының жобасы қаралды. Қатысушылармен бірлесіп коммуникациялық стратегияның іс қимыл жоспары талқыланды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.