«Қоғамдық пікір» зерттеу институтын 2013 жылы 22 жылдан астам кәсіби жұмыс тәжірибесі бар әлеуметтанушылар тобы құрды. Институт қоғамдық пікірді зерттеуге маманданған, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Институттың жоғары кәсіби сарапшы-әлеуметтанушылары Орталық Азия, Батыс Еуропа, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, АҚШ, Канада және т.б. елдерде зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.
Зерттеу институтының қызметкерлері European Society of Marketing Research Professionals ESOMAR (www.esomar.org), World Association for Public Opinion Research (WAPOR), Түркітілдес елдердің әлеуметтанушылар одағы, WVS (Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу бойынша жоба) сияқты халықаралық кәсіби желілердің мүшесі болып табылады.
2018 жылы Институт WVS-7 (Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу бойынша жоба) мүшесі болды. «Әлемдік құндылықтар» зерттеу бағдарламасы (World Values Survey) - бұл әлеуметтану және әлеуметтік ғылымдар саласындағы әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми бағдарлама және зерттеу желісі, сондай-ақ құндылықтар жүйесін зерделеу және атап айтқанда, құндылықтарды өзгерту жөніндегі жоба. 2018 жылдың мамыр айында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «Әлемдік құндылықтар» зерттеу ұйымы (Австрия, Вена) «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): Мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйым, тарих, нәтиже»/The World Values Survey (1981-2018): Exploring the Cultural Change. Organization, History, Findings ғылыми семинарын өткізді. Ғылыми семинарда сөз сөйлегендер: профессор «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығының президенті (WVSA) – Кристиан Херпфер, «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығы хатшылығының басшысы – Ксения Кизилова және т.б.
«Қоғамдық пікір» институты өз зерттеулерінде ESOMAR (www.esomar.org) стандарттары мен нормаларын басшылыққа алады. Институттың бірқатар қызметкерлері Канзас университетінің респонденттерімен жұмыс барысында этика бойынша курсын өтіп, сертификатқа ие болды (Collaborative institutional training initiative (CITI Program).
Институттың Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде тұрақты интервьюерлік желісі бар, сонымен қатар, институт ТМД елдерінің және әлемнің басқа да мемлекеттерінің зерттеу құрылымдарымен серіктестік қарым-қатынасты қолдайды. «Қоғамдық пікір» институты қызметінің ерекше бағыты - ғылыми жұмыс. Институт қызметкерлері академиялық іргелі зерттеулерге үнемі қатыса отырып, әлемнің түрлі ғылыми басылымдарында мақалалар жариялап отырады. Әлемнің бірқатар жетекші талдамалық құрылымдарымен әріптестік қарым-қатынасты қолдайды, халықаралық бейінді ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, тәжірибе алмасып жатыр. Сонымен қатар, институтта Қазақстанның және бірқатар шет мемлекеттердің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары тағылымдамадан өтеді.
Зерттеу институты ақпарат жинаудың сандық және сапалық әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік зерттеулерді жүзеге асырады. Институт зерттеулерді планшет, ноутбук, ұялы телефон көмегімен жүргізеді.
Күрделі зерттеу міндеттерін шешу үшін институт әлеуметтанушылары зерттеулердің жаңа әдістерін, оның ішінде пәнаралық әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік экспедициялар форматында зерттеулер жүргізу әдістемесін әзірлейді. Қажет болған жағдайда түрлі бағыттар бойынша қосымша сарапшылар тартылады.
Институт әлемнің түрлі елдерінің танымал зерттеушілері, сарапшылары және ғалымдарымен үнемі сараптамалық кездесулер өткізеді. Ғалымдар, зерттеушілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес талдау құрылымдарының өкілдері, магистранттар, докторанттар шақырылады. Сараптамалық кездесулер 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді.
VII және VIII Астана экономикалық форумы шеңберінде (2014 жылғы мамыр, 2015 жылғы мамыр) Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырған «Еуразиялық интеграцияны қоғамдық қабылдау» панельдік сессиясы өтті.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты өз жұмысында ақпарат жинаудың түрлі әдістерін қолданады.
Ақпарат жинаудың сандық және сапалық әдістері:
– Жеке сұхбат (face-to-face)
– Телефондық сұхбат
– Панельдік зерттеу
– Exit-poll
Ақпарат жинаудың сапалық әдістері:
– Фокус-топтар
– Терең сұхбат
– Нарративтік-биографиялық сұхбат
– Кабинеттік зерттеулер (desk research)
– Бөлшек сауда аудиті
– Hall-test
– Mystery Shopping
– Бақылау
– Сараптамалық сауалнама
– Сараптамалық халықаралық сауалнама
ИНСТИТУТТЫҢ БІРҚАТАР ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ:
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУ - 7-ші ТОЛҚЫН (WORLD VALUES SURVEY – WAVE 7) (2017-2018 жж).
«Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» қоғамның мәдени және құндылықтық бағдарларын зерттейтін халықаралық жоба болып табылады. Зерттеу 1941 жылдан бастап жүргізіледі және 2018 жылғы деректер бойынша 90-нан астам елде алты толқын өткізілді. 2018 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты зерттеудің жетінші толқынына қатысты. Бұл зерттеудің мақсаты адамдардың құндылықтары мен нанымдарын, олардың тұрақтылығын немесе уақыт өткендегі өзгерістерін, сондай-ақ олардың қоғамның әлеуметтік және саяси дамуына әсерін зерттеу болып табылады. Сауалнамаға 14 облыста және Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан 1200 респонденті қатысты.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖАСТАРЫ 2014-2015.
Бүгінгі таңда Орталық Азия аймағындағы жастарды зерттеуге бағытталған Орталық Азиядағы Фридрих Эберт атындағы қор өкілдігінің зерттеу жобасы: жастардың өмір сүру салты, көзқарастары мен құндылықтық бағдарлары, өзін-өзі сәйкестендіру деңгейі мен басқа адамдарға төзімділігі, оның көңіл-күйі мен ұмтылыстарын айқындау, сондай-ақ саясатқа және көршілес елдермен жүргізілетін ықпалдастыққа қарым-қатынас жасауды көздейді. 2014-2016 жылдардағы жоба «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен бірлесіп өткізілді. Зерттеу 14-29 жас аралығындағы жастарға бағытталған. Сауалнама ОА елдерінде: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанда өткізілді, «Қоғамдық пікір» ЗИ басшылық етуімен Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан зерттеу институттарымен бірлесіп, әр елде 1000 респондентті іріктеумен өткізілді.
ТҮРКІ БАРОМЕТРІ – ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕРДЕГІ САУАЛНАМА (2017-2018 жж.).
2017 жылы түркітілдес елдерде: Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанда «Түркі барометрі» жобасы басталды, оның тапсырыс берушісі - Халықаралық Түркі академиясы. Зерттеу нысаны - түркітілдес елдердің өзін-өзі сәйкестендіру, тілі, мәдениеті мен мәдени ландшафты, әдебиет, ғылым және білім беру, спорт, табиғат, әдет-ғұрыптарға қатысты мүдделері. Екінші жалпы ұлттық сауалнама 2018 жылдың шілде-тамыз айларында бес түркітілдес елдерде: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстанда өткізілді. Сауалнама репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді, әр елде 1000 респондент сұралды. Сауалнамаға қатысқандардың жалпы саны 5084 респондентті құрады. Сауалнама әзірбайжан, қазақ, қырғыз, түрік, өзбек ұлттары арасында жүргізілді. Зерттеу жобаға қатысушы бес елдің халықаралық зерттеушілері тобымен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері түркітілдес елдердің Президенттеріне 2018 жылдың қыркүйек айында Чолпон-Атада (Қырғызстан) өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің мемлекет басшыларының VI саммитінде ұсынылды.
ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫН ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ЭКСПЕДИЦИЯЛАР
Қызметкерлер әзірлеген қазақ диаспорасын зерттеу әдіснамасы бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың тіршілік әрекетіне 2005 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Сауалнамалар Батыс Еуропа (2005 ж. қазіргі уақытқа дейін), Сауд Арабиясы (2009 ж.), Түркия (2008 ж. қазіргі уақытқа дейін), Моңғолия (2011 ж., 2019 ж.), Қытай (2012-2019 жж.), Өзбекстан (2013 ж.), Алтай Республикасы және РФ Алтай өлкесі (2014 ж.), РФ Новосібір және Омбы облыстары (2015 ж.), Орынбор облысы (2016 ж.) Астрахан облысы (2017 ж.), Саратов және Волгоград облыстарында (2018 ж.) және бірқатар басқа елдерде жүргізілді. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша 9 жыл бойы қазақ диаспорасы ортасында жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер жүргізілді. Әлеуметтік экспедициялар Монғолияда (2011 жыл), Қытайда (2012 жыл), Өзбекстанда (2013 жыл), Ресейде - 2014 жылы Алтай Республикасында және Алтай өлкесінде, 2015 жылы Омбы және Новосібір облыстарында, 2016 жылы Орынбор облысында, 2017 жылы Астрахань облысында, 2018 жылы Саратов және Волгоград облыстарында, 2019 жылы Қырғыз Республикасында өткізілді. Әлеуметтік экспедиция барысында этникалық қазақтарға сауалнама, терең және нарративті сұхбаттар жүргізілді, фото және бейне-банк жиналды.
«ШЕТЕЛДЕ ТҰРАТЫН ҚАЗАҚТАРДЫҢ (РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ, ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫ, ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ, АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ, МОҢҒОЛИЯ) ДИАСПОРАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ-ТАЛДАМАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР» ЖОБАСЫ.
2019 жылы«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша «Шетелде тұратын қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия) проблемаларын зерттеу мәселелері бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтер» тақырыбында жоба іске асырылды. Әлеуметтік зерттеудің мақсаты: шетелде тұратын қазақ диаспорасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен көңіл-күйін зерделеу (Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия). Зерттеу әдістемесі ақпаратты жинаудың сандық және сапалық әдістерін кешенді қолдануға негізделген (этникалық қазақ респонденттерге 1300 сұхбат, 300 терең сұхбат жүргізілді).
«ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА КӨШІ-ҚОНҒА ҚАТЫСЫ БАР БАЛАЛАРДЫ СИТУАЦИЯЛЫҚ ТАЛДАУ» ЖОБАСЫ
2019 жылы институттың жұмыс тобы Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (UNICEF) және Public Policy and Management Institute (Вильнюс, Литва) тапсырысы бойынша «Орталық Азияда көші-қонға қатысы бар балаларды ситуациялық талдау» тақырыбында зерттеу жобасын өткізді. Бұл зерттеуді Ресей Федерациясында Экономика Жоғары мектебі және Қазақстан Республикасындағы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізді. Бұл жоба БҰҰ Балалар Қоры мен Еуропалық Одақтың Орталық Азия, Оңтүстік Азия және Оңтүстік Шығыс Азиядағы көші-қонға қатысты балаларды қорғау мәселелері жөніндегі ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты - Орталық Азиядағы көші-қонға қатысы бар балалардың құқықтарын қорғау, ілгерілету және осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін олардың қажеттіліктерін тиімді анықтау мақсатында күн тәртібіне шығару.
Зерттеу Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры, Public Policy and Management Institute өкілдерімен, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының жұмыс тобымен және ресейлік зерттеушілермен бірлесіп әзірленген бірыңғай әдістеме бойынша жүргізілді. Қазақстанда іріктеу - Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген мигранттар мен олардың балаларының әртүрлі санаттары бойынша 200 сауалнама, сондай-ақ сарапшылар мен ұйымдарға 75 сауалнама жүргізілді.
PIAAC – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРЕСЕКТЕР ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Programme for the International Assessment of Adult Competences) (2016-2017 жж)
PIAAC - бұл бірегей халықаралық жоба, оның мақсаты еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың негізгі дағдылары мен құзыреттілігін бағалау және салыстыру болып табылады. Бағдарламаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді және құрамына білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар (Westat, cApStAn, ROA, GESIS, DIPF, IEA) кіретін консорциум іске асырады. Ересек тұрғындардың дағдыларын бағалау әлемде 1995 жылдан бастап жүргізіледі. PIAAC бағдарламасы әлемнің 24 елінде жүзеге асырылған, оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея, Канада, Финляндия, Франция, Германия, Жапония, Нидерланды, Ресей және т.б. PIAAC жобасын экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Қазақстандағы PIAAC ұлттық үйлестірушісі ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.
2016 жылы Қазақстан алғаш рет PIAAC бағдарламасына қатысты. Құралдарды тестілеу үшін 2016 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты апробациялық зерттеу жүргізді (16-65 жастағы 1765 респондент, сауалнама ноутбукпен жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат).
2017 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты негізгі зерттеудің бір бөлігін өткізді (16-65 жастағы 1720 респондент, сауалнама ноутбукпен жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат). 2019 жылы ЭЫДҰ зерттеу қорытындысы бойынша салыстырмалы елдік есепті (PIAAC international report) таныстырды.