Құрметті әріптестер, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2024 жылы сараптамалық кездесулерді қайта бастайды. Бірінші кездесу 2012 жылғы 4 қазанда өткен еді.
Қонағымыз: Доктор Анар Сомонджуоглу 1975 жылы Қазақстан Республикасы Қостанай облысында дүниеге келді. 1997 жылы Түркиядағы Анкара қ. Гази университетінің эконометрия департаментін тәмамдады. 2000 жылы Хаджеттепе университетінде (Анкара, Түркия) экономика мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2009 жылы Анкара университетінде халықаралық қатынастар бойынша докторлық диссертация қорғады. 2000-2010 жылдары Түркияның “АСАМ” еуразиялық стратегиялық зерттеулер орталығы және “ТУСАМ” ұлттық қауіпсіздік стратегиялары бойынша зерттеу орталығы сияқты жетекші талдау орталықтарында қызмет етті. 2010 жылдан бастап Хаджеттепе университетінің (Анкара, Түркия) халықаралық қатынастар кафедрасында тәлімгерлік етіп келеді.
Кездесу орнын, тіркеуден өткен соң, электрондық хабарлама немесе қоңырау шалу арқылы сәл кейінірек хабарлайтын боламыз.
Құрметпен,
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры
Ботагөз Ракишева