Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2026 жылғы 13 мамырда Назарбаев университетінде «Орталық Азиядағы көші-қон үрдістері: сыртқы және ішкі ықпал ету факторлары» атты Төртінші ғылыми семинар өтті.

Ұйымдастырушылар: «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі және Жоғары мемлекеттік саясат мектебі.

Алғашқы бірлескен ғылыми семинар «Еңбек көші-қоны: мәселелер, шешімдер, болашағы» атты 2016 жылдың 22-ші қаңтарында өткізілді. Ғылыми семинар аясында Назарбаев университетінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген еңбек мигранттарына арналған әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелері таныстырылды.

2019 жылғы 22 қарашада Назарбаев университетінде Екінші ғылыми семинар өтті. Оны Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Назарбаев университетінің кітапханасы және «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды. Панельдік пікірталаста негізгі баяндамашы ретінде көші-қон мәселелері бойынша маман Антониу Мендонса «Орталық Азия мигранттары Батыс Еуропада: саны, мобильділігі, профилі, сәйкестенуі» тақырыбында сөз сөйледі.

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің (ҚХҚК) алаңында Үшінші ғылыми семинар өтті: «Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қон». Семинарды Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК), «Қоғамдық пікір» зерттеу институты және Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі ұйымдастырды.

Толығырақ «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ресми сайтында:

https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/oshi-k-n-zhonindegi-gylymi-semin-rl-r  

Модераторлар: Карес Шенк (Назарбаев университеті), Ботагоз Ракишева («Қоғамдық пікір» зерттеу институты).

Семинарда келесі спикерлер сөз сөйледі:

Карес Шенк, Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры – «Қазақстандағы көші-қонды зерттеудің қиындықтары»,

Аяулым Сагынбаева, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының жетекшісі «Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі қазіргі көші-қон үрдістерін бағалау»,

Лейла Деловарова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессор міндетін атқарушы – «Орталық Азиядағы жаңа көші-қон үрдістері мен бағыттары»,

Нурхан Жалиев, «Отандастар қоры» КЕАҚ Стратегиялық даму және талдау департаментінің басқарушы директоры – «Шетелдегі отандастар Қазақстан дамуының стратегиялық ресурсы ретінде»,

Каламкас Есимова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University – «Қазақстандағы қытай көші-қонының негізгі үрдістері»

Владимир Козлов, Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры – «Орталық Азиядағы ресейлік мигранттардың репродуктивті ниеттеріне ықпал ететін негізгі факторлар».

Семинарға онлайн қатысушы ретінде Хельсинкидегі Александров институтының (Aleksanteri-instituutti) PhD докторы Лариса Кангапуро пікір білдірді.

Ғылыми семинар бағдарламасы (қазақ тілінде)

Ғылыми семинар бағдарламасы (орыс тілінде)

Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебімен әріптестікте көші-қон бойынша ғылыми семинарлар.

2020 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің (ҚХҚК) алаңында «Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қон» атты Үшінші жыл сайынғы ғылыми семинар өтті.. Аталған семинардың ұйымдастырушылары: Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес (ХҚҚК), «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі.

Семинар модераторы: Найля Әлмұхамедова, экономика магистрі, ХҚҚК. Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) Карес Шенк (Caress Schenk) құттықтау сөз сөйледі. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Рақышева Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің (ХҚҚК) қамқорлығымен дайындалған «Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қоны» баяндамасының тұсаукесерін жасады. Баяндамаға Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қон процесін зерттеу нәтижелері кірді. Автор кең ресми статистикаға, әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелеріне, заңсыз еңбек мигранттарымен, неке мигранттарымен сұхбаттарға және бақылауларға сүйене отырып, еңбек жастар көші-қонының қалыптасу ерекшеліктерін, мигранттардың Оңтүстік Корея қоғамына бейімделуі мен интеграциясын ашады. Пікірлерімен сөз сөйлегендер: Герман Ким, профессор, тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиялық зерттеулер институтының директоры (Алматы, Қазақстан) онлайн, Санчел Ким (Kim Sangcheol), Ханкук университеті Орталық Азия институтының профессоры (Сеул, Оңтүстік Корея) онлайн, Карес Шенк (Caress Schenk), Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Светлана Кожирова, профессор, саяси ғылымдарының докторы, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің Азия және Қытай зерттеулері орталығының жетекшісі (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) онлайн, Айгүл Сәдуақасова, Этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы (Нұр-Сұлтан, Қазақстан), Нұрхан Жәлиев, «Отандастар» қорының ақпараттық-талдау департаментінің директоры.

2019 жылдың 22 қарашасында Назарбаев университетінде Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Назарбаев Университеті кітапханасы және «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ұйымдастыруымен Жыл сайынғы Екінші ғылыми семинар өтті. Панельдік пікірсайыста негізгі баяндамашы көші-қон мәселелері жөніндегі маман Антониу Мендонса «Орталық Азиядан Батыс Еуропаға мигранттар: саны, мобильділігі, бейіндері, ұқсастығы» тақырыбымен сөз сөйледі. Басқа да сөз сөйлеушілер: Ботагөз Рақышева («Қоғамдық пікір» зерттеу институты), Карес Шенк (Назарбаев Университеті) және Дарина Сәдуақасова (Назарбаев Университеті). Іс-шараның екінші бөлімінде Дублин қалалық университетінің қызметкері, ғалым, даму жөніндегі маман, әуесқой музыкант, он бес кітаптың және 100-ден астам рецензияланған тараулар мен мақалалардың авторы Абель Полес сөз сөйледі. Абель Полесе өзінің «The SCOPUS Diaries and the (il)logics of Academic Survival» (SCOPUS және (логика) академиялық өмір сүру күнделіктері) атты жаңа кітабын таныстырды.

 

2016 жылдың 22 қаңтарында Назарбаев университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Еңбек көші-қоны: мәселелері, шешімдері, болашағы» атты ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар аясында Назарбаев Университетінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты өткізген еңбекші мигранттарға жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері таныстырылды. Спикер: проф. Карес Шенк

Модераторлар: Карес Шенк (Назарбаев университеті), Ботагоз Ракишева («Қоғамдық пікір» зерттеу институты).

Спикерлер:

Деян Кесерович, Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстандағы миссиясының басшысы. Тақырыбы: «Көші-қон процесінің тенденциялары»

Черных Ирина Александровна, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері. Тақырыбы: «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны: ерекшеліктері, тәуекелдері, болашағы»

Ақмолдина Батжан Нұралықызы, Экономикалық зерттеулер институты әлеуметтік-демографиялық зерттеулер басқармасының бастығы. Тақырыбы: «Әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша ішкі мигранттар сауалнамасының қорытындысы (Астана және Алматы қалалары бойынша)» 

Мәулетов Серік Мәулетұлы, TAXBACK CENTRAL ASIA LLC бас директоры. Тақырыбы: «Еңбек көші-қоны жүйесіндегі салықтар» 

Карес Шенк, Назарбаев университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі. Тақырыбы: «Еңбек мигранттарына әлеуметтік сауалнама нәтижелерін таныстыру»

Кожирова Светлана Басейовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Тақырыбы: «Қазақстандағы қазіргі Қытай көші-қонының ерекшеліктері» 

Мәжитова Айнұр Боранбайқызы, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты директорының орынбасары. Тақырыбы: «Қазақстандағы түрік көші-қоны» 

Жаманғұлов Қайратбек Еркінбекұлы, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының» сарапшысы. Тақырыбы: «Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген мигранттардың әлеуметтік профилі» 

Ахатова Дамира Болатқызы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының ғылыми қызметкері. Тақырыбы: «Қазақстандағы еңбек мигранттарының әлеуметтік-мәдени бейімделуі» 

Исмаилов Шавкат Абдуллаұлы, қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мигранттар мен олардың отбасыларының құқықтары мен мүдделерін олардың әлеуетін арттыру және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы ілгерілету» жобасының жетекшісі. Тақырыбы: «Астанада еңбек мигранттарын қолдау және оқыту орталығының жұмысы» туралы»