Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Р19. Ботагөз Ракишева. Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қоны. Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңес (ХҚҚК) – Нұр-Сұлтан, 2020. – 60 б.

Баяндамаға Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қон процесін зерттеу нәтижелері кірді. Автор ауқымды ресми статистикаға, әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне, заңсыз еңбек мигранттарымен, неке мигранттарымен сұхбаттарға және бақылауларға сүйене отырып, еңбек жастар көші-қонының қалыптасу ерекшеліктерін, Оңтүстік Корея қоғамындағы мигранттардың бейімделуі мен интеграциясын тарқатады.

10 мың қазақстандықтың – Оңтүстік Кореяда еңбек қызметімен заңсыз айналысатын құжатсыз еңбекші мигранттардың болуы назар аударуды және мемлекеттік реттеуді талап етеді.

Көші-қон, халықаралық қатынастар, диаспорология саласындағы мамандарға ұсынылады.

Орыс тіліндегі кітапты жүктеп алу
Ағылшын тіліндегі кітапты жүктеп алу

Ц 37 Қазақстандық қоғамның әлеуметтік өлшемдегі құндылықтары. Алматы: «DELUXE Printery» ЖШС» баспасы, 2020 - 143 б.

Кітапта танымал классикалық модельдермен қатар бірегей авторлық тәсілдерге негізделген қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құндылықтарына құрылымдық талдау жасалған. Кітаптың негізіне ұлттық репрезентативтік үлгіде жүргізілген және әлеуметтік топтар мен өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, қазақстандықтардың құндылықтар портретін сипаттауға мүмкіндік берген әлеуметтік зерттеу алынған. Әлемдік трендтер мен рухани жаңғырудың ұлттық стратегиясы аясында Қазақстандағы құндылықтарды трансформациялаудың негізгі бағыттары айқындалды.

Кітап ғалымдарға, саясаткерлерге, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, іскерлік орта өкілдеріне, журналистерге, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған және қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік және мәдени процестердің күрделі құрылымын түсінуге ұмтылатындардың барлығына қызықты болмақ.

Орыс тіліндегі кітапты жүктеп алу

Орталық Азия жастары. Салыстырмалы шолу. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2017- 90 б/

Бұл жарияланым Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) жүргізген «Орталық Азия жастары» еларалық әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша дайындалды. Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда әлеуметтік зерттеу 2014-2015 жылдары жүргізілді.Бірыңғай әдістеме бойынша 14 жастан 29 жасқа дейінгі 1000 респонденттен жастарға сауалнама, фокус-топтар мен тереңдетілген сұхбаттар жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу Германияда 1953 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан Shell Youth Study неміс зерттеу жобасының әдіснамасына негізделген. Жобаның ғылыми кеңесшілері: профессор Клаус Хурельман, Shell Youth Study негізін қалаушылардың бірі және Пэр Тешендорф, Ф.Эберт атындағы Қор өкілдігінің жетекшісі (2012-2016 жж.).

Зерттеу әдістемесі сауалнама жүргізу әдістемесін таңдау және зерттеу жүргізу кезінде халықаралық стандарттарды қолдануға негізделген. Зерттеу сауалнамасы әрбір зерттелетін елге бейімделген базалық сұрақнамаға негізделіп, төрт елдің зерттеушілерімен бірлескен брифинг өткізілді. Әр елде аймақтық супервайзерлер сауалнама жүргізді. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша әр ел бойынша ұлттық сарапшылар дайындаған төрт кітап шығарылды. Бұл салыстырмалы басылымда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеудің негізгі нәтижелері ұсынылған.

Орыс тіліндегі кітапты жүктеп алу
Ағылшын тіліндегі кітапты жүктеп алу

Социологиялық сауалнама негізінде. Проф. Клаус Хурельманның (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2016. - 280 б.

Қазақстан жастарының әлеміне арналған бұл аналитикалық еңбек Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып, 2014 жылы бүкіл ел көлемінде жүргізген социологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша жазылды. Бұл зерттеу үшін Еуропада танымал жастар зерттеуі Shell Youth Study әдіснамасы Қазақстандағы шарттар мен ерекшеліктерге бейімделіп алынып, қолданылды. Сауалнаманығ басты назары Қазақстан жастарына, олардың негізгі қызығушылықтары, армандары мен жоспарлары, құндылықтары, көзқарастары мен ойлары, сонымен қатар оларға әлеуметтану процесінде кез келетін сұрақтар мен проблемаларға аударылды. Бұл кітаптан әрбір оқырман өзі үшін қызықты және маңызды көптеген мәліметтер табады. Еңбек жалпы оқырман қауымғы арналған.

Орыс тіліндегі кітапты жүктеп алу
Қазақ тіліндегі кітапты жүктеп алу
Ағылшын тіліндегі кітапты жүктеп алу

Социологиялық сауалнама негізінде. Екінші басылым. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2016. – 286 б.

Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалған жарияланым Қырғызстан жастарының әлеміне арналған және 2014 жылы Қырғызстан Республикасы жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижелерінен жазылған. Қырғызстанның ерекшеліктері мен жағдайларына бейімделген, Еуропаға танымал Shell Youth Study жастар зерттеуінің әдістемесі қолданылды. Жүргізілген сауалнама Қырғызстандағы жастар өмірінің көптеген аспектілерін қамтиды, дін, саясат, демократия, сән, экономикалық жағдай, халықтың түрлі топтарының құқықтары, сондай-ақ жаман әдеттер мен тұрмыс, қаржылық әл-ауқат мәселелері сияқты тақырыптарды қозғайды. Жұмыс көпшілік оқырман қауымға арналған.

Кітапты жүктеп алу

Социологиялық сауалнама негізінде. Екінші басылым. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2017. – 396 б.

Ғылыми жұмыста Тәжікстан жастарына 2015 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу аясында алынған эмпирикалық мәліметтерге жан-жақты талдау жасалған. Кітапта Тәжікстан жастарының қоғам, экономика, саясат, білім, жұмыспен қамту, өмір салты, отбасы, жыныстық мәдениет, әлеуметтік және діни өмір, интеграциялық бастамалар туралы негізгі көзқарастары, сенімдері мен құндылықтары талданады. Бұл басылым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің Қазақстан (2015 ж.), Қырғызстан (2016 ж.), Өзбекстан (2016 ж.) бойынша зерттеулерді қамтитын «Орталық Азия жастары» зерттеу жобасының қорытынды жарияланымдарының бірі болып табылады. Олардың барлығы «Shell Youth Study» бірыңғай әдістемесі бойынша жүргізілді, бұл олардың материалдарын компаративистік мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Жарияланым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалды. Жұмыс Тәжікстандағы жастар зерттеулеріне және қоғам өміріндегі заманауи процестерге қызығушылық танытатын мамандар мен оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Кітапты жүктеп алу

Социологиялық сауалнама негізінде. Екінші басылым. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2016. – 280 б.

Монографияда 2014 жылы Өзбекстан жастарына жүргізілген әлеуметтік зерттеу аясында алынған эмпирикалық мәліметтердің жан-жақты талдауы бар. Қоғамдық пікір сауалнамасы респонденттердің елдің мемлекеттік және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын, жастардың рухани-адамгершілік жағдайын, ұлдар мен қыздардың ел ішінде де, Орталық Азия өңірінде де күн тәртібін айқындайтын бүгінгі факторларға көзқарасын бағалауды қамтиды. Жарияланым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалды. Бұл жұмыс Өзбекстандағы қоғам өміріндегі заманауи тенденцияларға қызығушылық танытатын мамандар мен оқырмандардың кең тобына арналған. Зерттеушілердің Өзбекстан жағдайына бейімделген «Shell Youth Study» социологиялық әдіснамасын пайдалануын ескере отырып, авторлардың қорытындыларын Қазақстан (2015 ж.) және Қырғызстан (2016 ж.) жастары бойынша Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің алдыңғы жарияланымдарымен салыстыруға болады.

Кітапты жүктеп алу

Ауғанстан жалынынан естелік: 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының интернационалист жауынгерлерімен сұхбат. 4-кітап. Қырғызстан/редакциялаған Эльмира Ногойбаева және Элери Битикчи. Марлен Ларюэль, Ботагөз Ракишева, Гүлден Ашкенова әдістемесі қолданылды. 2021 ж., 252 бет.

Бұл кітап АҚШ, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген халықаралық зерттеушілер тобы жүзеге асырған «1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы куәгерлердің көзімен (Oral history)» жобасының жалғасы болып табылады. Әдістемені жоба жетекшілері Марлен Ларуэль, Ph.D (АҚШ-Франция) және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева (Қазақстан) әзірледі. Жобаның негізгі мақсаты тарихи жадты сақтау үшін Ауған соғысы туралы ақпаратты оның тікелей қатысушыларынан жинау болды. Бұл кітап интернационалист жауынгерлерден, Ауған соғысына қатысушылардан «Ауызша тарих» әдісімен сұхбат жинауды қамтиды. Қырғызстанда 21 сұхбат өткізілді. Кітаптағы сұхбат бастапқы түрінде берілген. Кітапта интернационалист жауынгерлердің жеке мұрағаттарынан алынған фотосуреттер мен құжаттар қолданылған. «Соғыстағы адам» көрмесі ұйымдастырылып, деректі фильм түсірілді. Авторлар «Ашық қоғам» институтына, OSI (Open Society Foundation) кітапты басып шығару мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.

Қазақстанда жобаны «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) жүргізді және Ауғанстандағы соғысқа қатысқан жауынгерлерден және деректі фильм дайындаудан «Ауызша тарих» әдісімен сұхбат жинауды қамтыды. Барлығы Өзбекстанда 20 сұхбат, Тәжікстанда 31 сұхбат, Қазақстанда 21 сұхбат өткізілді.

Кітапты жүктеу

Ауғанстан жалынынан естелік: 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлерімен сұхбат/ред. Марлен Ларуэль, Ботагөз Ракишева, Гулден Ашкенова. Кітап 3. Тәжікстан. Астана: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2016 ж.

Бұл кітап АҚШ, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген халықаралық зерттеушілер тобының «1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы куәгерлердің көзімен (Oral history)» жобасындағы үш жылдық жұмысының нәтижесі болып табылады. Жобаны «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) жүргізді және интернационалист-жауынгерлерден, Ауған соғысына қатысушылардан «Ауызша тарих» әдісімен сұхбат жинауды және деректі фильм дайындауды қамтыды. Жоба жетекшілері - Марлен Ларуэль, Ph.D (АҚШ-Франция) және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева (Қазақстан). Жобаның негізгі мақсаты тарихи жадты сақтау үшін Ауған соғысы туралы оның тікелей қатысушыларынан ақпарат жинау болды. Барлығы Өзбекстанда 20 сұхбат, Тәжікстанда 31 сұхбат, Қазақстанда 21 сұхбат өткізілді. Кітаптағы сұхбат бастапқы түрінде берілген. Кітапта интернационалист жауынгерлердің жеке мұрағаттарынан алынған фотосуреттер мен құжаттар қолданылған. Авторлар кітапты басып шығару мүмкіндігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдіреді. Басылым оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Кітапты жүктеу

Ауғанстан жалынынан естелік: 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлерімен сұхбат/ред. Марлен Ларуэль, Ботагөз Ракишева, Гулден Ашкенова. Кітап 2. Өзбекстан. - Астана: ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, 2016 ж.

Бұл кітап АҚШ, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген халықаралық зерттеушілер тобының «1979-1989 жылдардағы Ауған соғысы куәгерлердің көзімен (Oral history)» жобасындағы үш жылдық жұмысының нәтижесі болып табылады. Жобаны «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) жүргізді және интернационалист-жауынгерлерден, Ауған соғысына қатысушылардан «Ауызша тарих» әдісімен сұхбат жинауды және деректі фильм дайындауды қамтыды. Жоба жетекшілері - Марлен Ларуэль, Ph.D (АҚШ-Франция) және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева (Қазақстан). Жобаның негізгі мақсаты тарихи жадты сақтау үшін Ауған соғысы туралы оның тікелей қатысушыларынан ақпарат жинау болды. Барлығы Өзбекстанда 20 сұхбат, Тәжікстанда 31 сұхбат, Қазақстанда 21 сұхбат өткізілді. Кітаптағы сұхбат бастапқы түрінде берілген. Кітапта интернационалист жауынгерлердің жеке мұрағаттарынан алынған фотосуреттер мен құжаттар қолданылған. Авторлар кітапты басып шығару мүмкіндігі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтына алғыс білдіреді. Басылым оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Кітапты жүктеу