Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2026 жылғы 16–19 маусым аралығында Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) CESS (Central Eurasian Studies Society) аймақтық конференциясы өтті. Конференцияның ашылу рәсімін CESS президенті, қауымдастырылған профессор және ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары Дина Шарипова, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Риккардо Пелиццо жүргізді.

"Quiet Power, Strategic Silence, Decolonial Diplomacy, and Transformative Resilience in Central Asia" атты негізгі баяндаманы доктор Тимур Дадабаев ұсынды. Доктор Тимур Дадабаев Жапониядағы Цукуба университетінің халықаралық қатынастар профессоры және Жапония мен Еуразияны зерттеу жөніндегі арнайы бағдарламаның директоры. Сонымен қатар, ол Швециядағы Лунд университеті жанындағы Швеция ғылыми-зерттеу кеңесінің шақырылған профессоры қызметін атқарады. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Әлемдік экономика және дипломатия университетінің халықаралық қатынастар профессоры әрі ғылыми зерттеулер мен инновациялар жөніндегі проректоры болып қызмет етеді.

Конференция аясында барлық күндері кітап көрмесі мен Living Cultural Heritage exhibition көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің кураторы – Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану профессоры Снежана Атанова. Көрмеде оның жеке коллекциясынан алынған бірқатар ерекше экспонаттар ұсынылды.

Кешкі банкет музыкалық концертпен жалғасты. Концерт барысында доктор Мерей Отан және Назарбаев Университетінің оркестрі өнер көрсетті.

Конференция аясында әртүрлі елдерден шамамен 400 қатысушы қатысты. 100-ден астам панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер және кітап таныстырылымдары өткізілді. Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі ұйымдастыру үшін, ал қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреміз!

Конференцияға Институттың ғылыми қызметкерлері қатысты: Ботагөз Ракишева – директор, Қаламқас Есімова – бас ғылыми қызметкер, Аружан Көміртай – кіші ғылыми қызметкер, Eliott Barrois – Институттың зерттеуші-тағылымгері, École des Hautes Études en Sciences Sociales магистранты (Франция). 

 

 

«ҚАЗАҚ/ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДИАСПОРА: БЕЙІМДЕЛУ СТРАТЕГИЯСЫ, БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ЖАҢА ҮРДІСТЕР» ПАНЕЛІ

Конференция аясында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Қазақ / қазақстандық диаспора: бейімделу стратегиялары, бірегейлік және жаңа үрдістер» атты панель ұйымдастырды. Панель қатысушылары қатарында қазақ диаспорасын зерттеуші танымал ғалым, профессор Peter Finke (Швейцария) болды.

Модератор: Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан)

Талқылаушы: Санчел Ким, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Ханкук шетел тілдері университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институты

Панель спикерлері:

Гульнаш Асхат, Ляззат Айтымбет (Тұран университеті). Баяндама: АҚШ-тағы қазақ диаспорасы: ұлттық бірегейлікті жоғалту қаупі,

Анар Сомонжоглу (Түркия, Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті). Баяндама: Түрік диаспорасының саясаты және Еуропадағы қазақтар,

Қаламқас Есімова (Astana IT University, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты), Айнұр Ибраева, Аружан Көміртай («Қоғамдық пікір» зерттеу институты). Баяндама: Қазақ/қазақстандық диаспораның қалыптасуындағы жаңа үрдістер,

Бейбітгүл Хаумен (Моңғолия). Баяндама: Моңғолиядағы қазақ болмысы: күнделікті ұлтшылдық және тиесілік саясаты

 

 

 «THE FORMATION AND DEVELOPMENT OF CONTEMPORARY SOFT POWER OF CENTRAL ASIAN COUNTRIES» ПАНЕЛІ

Ботагөз Ракишева Institute of Central Asian Studies at Hankuk University ұйымдастырған «The formation and development of contemporary soft power of Central Asian Countries» атты панельге дискуссант ретінде қатысты.

Панель модераторы – профессор Sangcheol Kim (Hankuk University of Foreign Studies).

Панель спикерлері: 

Sangcheol Kim (Hankuk University of Foreign Studies). «The Central Asian Model of Soft-power cooperations with ODA/AID Sectors: Comparison to the Soft Power cooperation Patterns of The Republic of Korea» тақырыбындағы баяндама   

 Aigerim Bakhtiyarova (Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan). «Comparative studies of Asian model of soft power: the cases of Kazakhstan and Singapore» тақырыбындағы баяндама

Yelaman Muzappar (Eurasian National University). «Institutionalizing Soft Power in Kazakhstan: Strategy, Policy Framework, and Cultural Case Studies» тақырыбындағы баяндама  

Nathalie Marver-Kwon (Hankuk University of Foreign Studies). «The Transnational Soft Power of Koryo Churches» тақырыбындағы баяндама 

 

 

«ETHNIC (OUT)MIGRATION AND CO-ETHNIC INTERACTION IN CENTRAL EURASIA: DYNAMICS, POLICIES AND IDENTITY DILEMMAS» ПАНЕЛІ

Қаламқас Есімова, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Natalya Kosmarskaya (Institute of Oriental Studies of the Russian Academy of Sciences) және Gulnara Dadabayeva (KIMEP University) ұйымдастырған «Ethnic (Out)Migration and Co-Ethnic Interaction in Central Eurasia: Dynamics, Policies and Identity Dilemmas» атты панельдің модераторы болды.

Панельдің дискуссанты ретінде Bakhytzhan Kurmanov (University of Central Asia) қатысты.

Панель спикерлері:

 Natalya Kosmarskaya (Institute of Oriental Studies, Russian Academy of Sciences). «Armenians in Russia: Collisions and Dynamics of Co-Ethnic Interaction» тақырыбындағы баяндама

Isik Kuscu-Bonnenfant (Middle East Technical University). «The Long Way Home: Three Decades of Ethnic Kazakh Repatriation—Institutional and Legal Evolution» тақырыбындағы баяндама

 

 

«MULTIPLE IDENTITY AND SOCIAL CONSENSUS: SOCIAL DISTANCE AND ACCORD IN CENTRAL EURASIA»  ПАНЕЛІ 

Институт қызметкерлері Философия, саясаттану және дінтану институты ұйымдастырған «Multiple identity and social consensus: social distance and accord in Central Eurasia» атты панель жұмысына қатысты.

Модератор: Aigul Sadvokassova (Философия, саясаттану және дінтану институты)

Талқылаушы: Aziz Burkhanov (Nazarbayev University)

Спикерлер: 

Sholpan Jamanbalayeva (Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies). “Multiple identity and the boundaries of trust in Kazakhstan» тақырыбындағы баяндама

Natalya Seitakhmetova (Institute of Philosophy, Political Science and Religious Studies). «The Islamic discourse of multiple identities in digital reality: epistemological and ethical problems» тақырыбындағы баяндама.

Kuanysh Sailau (Institute of Philsopshy, Political Science and Religious Studies) 

 

Central Eurasian Studies Society конференциясы аясында “1916. Эсимде” кітабының тұсаукесері өтті. Аталған басылым бір ай бұрын Эсимде зерттеу алаңында жарық көрді.

Elmira Abylbek «Жад: посттравмалық тәжірибелер және салыстырмалы тәсілдер» тақырыбында баяндама жасап, пікірталасқа қатысты.

 

 

Конференция аясында «XXI ғасырдағы қазақтардың дәстүрлері мен құндылықтары» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың редакторы – Алима Бисенова, әлеуметтік-мәдени антропология бойынша философия докторы, Назарбаев университет. 

 Конференцияның екінші күні Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институты (Сеул, Оңтүстік Корея) ұйымдастырған корей мейрамханасындағы достық форматтағы кешкі аспен қорытындыланды. 

 


2024 жылдың 7 маусымында Ботагоз Ракишева "Тұран" университетінде өткен Орталық Еуразияны зерттеу қауымдастығының (The Central Eurasian Studies Society /CESS) жыл сайынғы халықаралық  "Migration factor in the China-Kazakhstan relations: historical frame and current developments" конференциясының панеліне пікірсайысшы ретінде қатысты.

Панельде сөз сөйлегендер:

Профессор Камалов Аблет Каюмович, "Тұран" Университеті, тарих ғылымдарының докторы, орталық еуразиялық зерттеулер қауымдастығының Президенті (Central Eurasian Studies Society/CESS) "Han Chinese migrants in Soviet Central Asia" баяндамасымен

Профессор Светлана Басейовна Кожирова, Шығыстану Институты, саясаттану ғылымдарының докторы, "Migration in Kazakhstan-Chinese Relations" баяндамасымен .

Zulfiya Karimova, Шығыстану Институты, "The resettlement policy of the Russian Empire in Semirechye in the second half of the XIX c. – early XX c. баяндамасымен.

Секция туралы толық ақпарат: https://nomadit.co.uk/conference/cess2024/p/15477


2024 жылғы 6 маусымда "Қоғамдық пікір" зерттеу институты "диаспораларды зерттеу әдістемесі: КОНЦЕПТУАЛИЗАЦИЯ, әдістер, тәсілдер" (Methodology of Diaspora Studies: Conceptualization, Methods, Approaches) панелін ұйымдастырып, өткізді. Бұл панель диаспораларды зерттеуге, әдістеме мәселелеріне, ақпарат жинау әдістерін таңдауға арналған. Диаспоралар әлеуметтануы саласындағы әлеуметтанулық зерттеулердің әдістемесі қазіргі уақытта толық әзірленбеген. Зерттеушілер далалық және кабинеттік зерттеулерді қолдана отырып, аралас әдістемені қолданады. Диаспоралардың тіршілік әрекетін зерттеу әдістемелік тұрғыдан өте күрделі және зерттеу объектісінің қол жетімділігімен, сұхбат жүргізу тілімен, сұхбат берушінің жалпы дайындығымен, ақпарат жинау әдісін таңдаумен байланысты. Панельде Қазақстандағы дүнген диаспорасын (Каламкас Есимова), түрлі елдердегі қазақ диаспорасын (Ботагоз Ракишева, Гулден Ашкенова, Лейла Деловарова), Қазақстандағы корей диаспорасын (Ефрем Ефремов) зерттеумен айналысатын зерттеушілердің жұмыстары таныстырылды.

Панельде сөз сөйлегендер:

Ботагоз Ракишева, "Қоғамдық пікір" зерттеу институты (Астана, Қазақстан)

Тақырыбы: Қазақ диаспорасын зерттеу әдістемесі: социологиялық әдістер 

Лейла Деловарова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (Алматы, Қазақстан)

Тақырыбы: Қазіргі халықаралық қатынастардағы диаспоралардың рөлі: қазақ диаспорасы: жағдайы мен болашағы

Каламкас Есимова, "Қоғамдық пікір" зерттеу институты (Астана, Қазақстан)

Тақырыбы: Қазақстандағы дүнгендерді зерттеу: мәселелері, тәсілдері

Ефрем Ефремов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Азия зерттеулер институты(Алматы, Қазақстан)

Тақырыбы: Қазақстанның кәріс диаспорасының бірегейлігін сақтау факторы ретінде этникалық тағамдарды зерттеу

Секция туралы толық ақпарат мында:https://nomadit.co.uk/conference/cess2024/paper/86771


2024 жылғы 6-9 маусымда "Тұран" университетінде (Алматы) Орталық Еуразияны зерттеу қауымдастығының (the Central Eurasian Studies Society /Cess) жыл сайынғы халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға 108 сессиялық отырыс ұйымдастырылып, әлемнің түрлі елдерінен 440 Орталық Еуразия зерттеушілері қатысты.

▲