1930–1950 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ХАЛЫҚТАРДЫҢ ДЕПОРТАЦИЯЛАНУЫ: ТАРИХ ОРТАҚТАСТЫҒЫ
«1930–1950 жылдары Қазақстанға халықтардың депортациялануы: тарих ортақтастығы» деректі фильмі «1930–1950 жылдары Қазақстанға халықтардың депортациялануы: тарих ортақтастығы» халықаралық социологиялық жоба барысында түсірілген болатын. Жобаның негізгі міндеті – осы үдеріске қатысушылардың тікелей өзінен ретроспективалық ақпарат жинау болатын. Қорытындысында 1930–1950 жылдары Қазақстанға депортацияланғандар туралы сұхбаттардан ерекше база жасалып, қызықты тарихи ақпарат жинақталды.
Фильм алғаш рет 2010 жылдың 28 мамырында Астанада Тарихшылар Форумында, содан кейін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Хабар» ұлттық телеарнасынан көрсетілді.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
«Сөнбесін от алауы» деректі фильмі «Қазақ диаспорасы ортасындағы Алаш Орда философиясының заманауи баяндалуы: жағдайы, бағалануы, сабақтары (әлеуметтік тарихи талдау)» ғылыми зерттеу жобасы барысында түсірілген. Бұл жобаның міндеті – қазіргі Қазақстаннан тыс елде тұратын қазақтар арасында Алаш Орда феноменінің заманауи түсіндірілімін зерттеу болды. Бұл фильмде қазақ тарихының өткенінен алынған сирек кездесетін кадрлар қолданылды.
ҚАРАСҰҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЗАҚТАРЫ
«Қарасұқ даласының қазақтары» фотофильмі РҒА СБ Археология және этнография институты, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты, Новосібір облысы «Қарасұқ өлкетану музейі» ММ, «КАРТАДАҒЫ ОТАН» фотоблогы көмегімен дайындалды.
«Қарасұқ» сөзінің түркі мағынасы «терең су» дегенді білдіреді.
Қазақстанмен шекаралас Новосібір облысының Қарасуқ ауданында қырық мыңнан астам адам тұрады. Бұл жер ежелден көшпенділер мен диқандар ғасырлар бойы игерген Ұлы Даланың бір бөлігі болған. Қазақтар 18-ші ғасырдан бастап қарасұқ кең даласын мекендеді.
Новосибирск облысында олар халық саны бойынша бесінші орында - шамамен 12 мың адам.
Фильмнің идеясы: Ирина Октябрьская (РҒА СБ АЭИ) және Валерий Кламм («КАРТАДАҒЫ ОТАН» фотоблогы)
Фотсуреттер мен фильмді монтаждау: Валерий Кламм
Әңгімелесуші фильм авторы: Ришат Хаиров, Қарасұқ ауданының «Жаңа-Дуньин негізгі жалпы білім беретін мектебі» ЖҚБ 9 сынып оқушысы, Нижнебаяновск ауылы.
Фотофильм мынадай ұйымдардың қолдаумен жасалды: Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-саяси зерттеулер институты (ӘСЗИ-Қазақстан), РҒА СБ Археология және этнография институты, Новосібір облысы «Қарасұқ өлкетану музейі» ММ, Новосібір облысы Қарасұқ ауданының әкімшілігі және «КАРТАДАҒЫ ОТАН» фотоблогы, НСО МБМ «Өңірлік маркетинг агенттігі», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Археология және этнография кафедрасы қатысты, «Орталық және Солтүстік Азия көшпенділері: жаңғырту жағдайындағы дәстүрлі қоғамдар» тақырыбы бойынша РГҒҚ жобасын іске асыру шеңберінде дайындалды.
АУҒАНЫСТАН АЛАУЫНАН ЕСТЕЛІК
«Ауғаныстан алауынан естелік» атты деректі фильм «Өз көзімен көргендердің айтуымен 1979–1989 жылдардағы Ауған соғысы (Oral history)» жобасының барысында түсірілген болатын. Жобаның міндеті – Қазақстаннан қатысқан жауынгер - интернационалистердің тікелей өздерінен Ауған соғысы жайлы ақпаратты жинақтау болатын. Фильмнің негізін құраған он жылға созылған соғыста оның басы қасында жүрген, қатысқан адамдардан алынған сұхбат-естеліктер болды. Сонымен қоса, жауынгер-интернационалистердің жеке мұрағатынан алынған видео-фото материалдар және жоба авторларының түсіру жұмыстары қолданылды.