«Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» (WVS) - қоғамның мәдени және құндылық бағдарларын зерттейтін халықаралық жоба. Зерттеуді американдық әлеуметтанушы Рональд Инглхарт бастаған және 1981 жылдан бері жүргізіп келеді. 1981 жылдан 2021 жылға дейін 90-нан астам елде 7 зерттеу толқыны жүргізілді.
Зерттеудің негізгі мақсаты - адамдардың дүниетанымындағы өзгерістерді, олардың құндылық бағдарларын және өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатынасын зерттеу. Зерттеуде стандартталған сауалнама қолданылады, оның сұрақтары көптеген тақырыптарды қамтиды, соның ішінде мемлекеттік басқару, гендерлік теңдік, дін, қоғамның әртүрлі топтары мен қоғамдық институттарға деген сенім, жеке қауіпсіздік мәселелері және т.б.
«Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» қауымдастығы зерттеу жүргізу мен нәтижелерді талдауда директивалық функцияны орындайтын ұйым болып табылады. Ұйымның Штаб-пәтері Венада (Аустрия) орналасқан. 2013 жылдан бастап қауымдастық президенті профессор Кристиан Херпфер, Хатшылықтың басшысы - др. Ксения Кизилова болып табылады.
Әр толқынның зерттеу нәтижелері Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу қауымдастығының ресми сайтында жарияланады (The World Values Survey Association, WVSA).
2017 жылдан бастап WVS жетінші толқыны басталды, онда 2018 жылдан бастап «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Қазақстанның өкілі болып табылады. Қазіргі уақытта WVS-7 79 елде өткізілді, WVSA сайтында алғашқы құрама мәліметтер базасы жарияланды. Қалған елдерде зерттеудің жетінші толқыны 2021 жылғы желтоқсанда аяқталады деп жоспарлануда.
2018 жылдан бастап институттың жобалар жөніндегі директоры, ә.ғ.к. Ботагөз Ракишева Қазақстандағы WVS-7 бас зерттеушісі болып табылады.
Нәтижелермен «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығының (WVSA) ресми сайтында танысуға болады.
2018 жылғы 29 мамырда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен Дүниежүзілік құндылықтарды шолу қауымдастығы (Аустрия, Вена) «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйымдастыру, тарих, нәтижелер» атты ғылыми семинар өткізді.