Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

ОАӨЭЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ЕЛДЕРІНДЕ (ГРУЗИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, МОҢҒОЛИЯ, ПӘКІСТАН, ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН) ҚОҒАМНЫҢ COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНА КӨЗҚАРАСЫН ТАЛДАУ» СЕМИНАРЫ 

2021 жылғы 12 наурызда ОАӨЭЫ институты (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық) «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) бірлесіп, Азия даму банкінің қолдауымен «ОАӨЭЫ жекелеген елдерінде (Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан) қоғамның COVID-19 вакцинациясына көзқарасын талдау» тақырыбында бірлескен онлайн (ZOOM)/офлайн семинар өткізді. Воркшопта ОАӨЭЫ 7 елінің халқына COVID-19 вакцинациясына қатысты жүргізілген сауалнаманың алдын ала нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Сауалнаманы институт 2020 жылғы желтоқсан – 2021 жылғы қаңтар аралығында Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттеріндегі серіктестермен бірлесе отырып жүргізді. Әр елде 1000 респонденттен, барлығы 7000 респонденттен сұхбат алынды.

Воркшопқа 20-дан астам негізгі қатысушы және 80-нен астам онлайн тыңдаушы қатысты. Негізгі спикерлер: Ботагоз Ракишева – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ғылыми консультанты және жобалар жөніндегі директоры және Ханс Хольцхакер – Ph.D, ОАӨЭЫ институтының бас экономисі. Воркшоптың негізгі сессиясында Ботагөз Рақышева халыққа COVID-19 вакцинациясына қатысты ОАӨЭЫ 7 елінің сауалнамаларының негізгі салыстырмалы нәтижелерін ұсынды. Ханс Холцхакер сауалнама нәтижелерінің экономикалық талдауын ұсынды.

Сонымен қатар, спикерлердің баяндамалары ұсынылған 7 елде пандемиямен және халықты COVID-19-ға вакцинациялаумен байланысты жағдайды жариялауға арналған екінші секцияда ұсынылды. Секцияның негізгі баяндамашысы - Алуа Жолдыбалина, Ph.D, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары - әлемдегі және Қазақстандағы вакцинацияның негізгі үрдістері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, екінші сессияға Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының директоры, Қырғызстанның өкілі Гүлбара Ишенапысова қатысты. Гүлбара Ишенапысова COVID-19 вакцинасын жеткізуді ұйымдастырудың және вакцинациялаудың Ұлттық жоспары, сондай-ақ Қырғызстанның COVAX механизміне қатысуы туралы ақпаратпен бөлісті. Пәкістан өкілі Ирфан Шахзад Такалви, Eurasian Century Institute негізін қалаушы Президенті Пәкістандағы пандемия жағдайы туралы айтып, Пәкістан халқының COVID-19 вакцинациясына қатынасы туралы пікірімен бөлісті. Қазақстан Республикасында COVID-19 вакцинациясын жүргізуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санэпидбақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинардың бейне және материалдарымен ОАӨЭЫ институтының ресми сайтында танысуға болады.

2018 жылғы 29 мамырда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Дүниежүзілік құндылықтарды шолу қауымдастығы, Назарбаев Университетінің Әлеуметтану және антропология департаменті «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйымдастыру, тарих, нәтижелер/The World Values Survey (1981-2018): Exploring the Cultural Change. Organization, History, Findings» ғылыми семинар өткізді.

«ӘЛЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР» ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ (1981-2018): МӘДЕНИ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІ. ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРИХЫ, НӘТИЖЕЛЕРІ»

2018 жылғы 29 мамырда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен Дүниежүзілік құндылықтарды шолу қауымдастығы (Аустрия, Вена) «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйымдастыру, тарих, нәтижелер/The World Values Survey (1981-2018): Exploring the Cultural Change. Organization, History, Findings» ғылыми семинар өткізді. Кездесу орыс тілінде өтті. «Әлемдік құндылықтар» (World Values Survey) зерттеу бағдарламасы — Әлеуметтану және жалпы әлеуметтік ғылымдар саласындағы әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми бағдарлама және зерттеу желісі, сондай-ақ құндылықтар жүйесін зерделеу және құндылықтарды, атап айтқанда, өзгерту жөніндегі жоба. Ғылыми семинарда: «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығының президенті (WVSA) проф. Кристиан Херпфер және «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығы Хатшылығының Басшысы Ксения Кизилова сөз сөйледі.

Профессор Кристиан Херпфер - Вена университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультеті Саясаттану институтының саясаттану және саяси әлеуметтану профессоры (Аустрия). 2017-2018 жылдары Кристиан Херпфер Әл-Айн қаласындағы (БАӘ) Біріккен Араб Әмірліктері университетінің Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде әлеуметтанудың шақырылған профессоры болып табылады. «Ғылыми комитеттермен байланыс жөніндегі өкіл» ретінде профессор Херпфер 2016 жылдан бастап Монреальдағы (Канада) халықаралық саяси ғылымдар қауымдастығының (IPSA) Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Ол барлық 50 IPSA зерттеу комитеттерінің қызметін саясаттану және саяси әлеуметтану саласындағы жаһандық зерттеулер тұрғысынан үйлестіреді. Профессор Херпфер 2009 жылдан бастап IPSA №17 «Салыстырмалы қоғамдық пікір» зерттеу комитетінің негізін қалаушы. Профессор Херпфер ICSR салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институтының директоры, сондай-ақ Венадағы (Аустрия) «Еуразиялық барометрдің» негізін қалаушы болып табылады. 2000 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде Шығыс Еуропадағы (Ресей, Украина, Беларусь, Молдова), Кавказдағы (Грузия, Армения, Әзірбайжан) және Орталық Азиядағы (Қазақстан және Қырғызстан) әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістерді талдайтын «Еуразиялық Барометр».

Др Ксения Кизилова 2013 жылдан бастап «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығы хатшылығының басшысы (Стокгольм, Швеция) болып табылады. WVSA Хатшылығының Басшысы ретінде др Кизилова «Әлемдік құндылықтар» 7-ші толқыны (2017-2019) шеңберінде әлемнің 80 елінде ұлттық сауалнамалар жүргізуді үйлестіреді, сондай-ақ WVSA қауымдастығының әкімшілігіне, коммуникациясына және өзге де қызметіне жауап береді. 2015 жылдан бастап Ксения Кизилова Аустрияның Вена қаласындағы Салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты директорының орынбасары болып табылады. 2013 жылы Ксения Кизилова Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстандағы әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерді талдайтын «Еуразиялық Барометр» халықаралық салыстырмалы зерттеу бағдарламасы директорының орынбасары болды. «Еуразиялық барометр» директорының орынбасары ретінде Ксения Кизилова «Жаһандық барометр» (GBS) зерттеу тобының басқарушы комитетінің мүшесі болып табылады, ол әлемнің барлық өңірлеріндегі әлеуметтік-саяси процестерді зерттейтін өңірлік барометрлер желісін басқарады.

2017 жылдан бастап зерттеудің жетінші толқыны басталды, онда 2018 жылдан бастап «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Қазақстанның өкілі болып табылады. 2018 жылдан бастап институттың жобалар жөніндегі директоры, ә.ғ.к. Ботагөз Рақышева Қазақстандағы WVS-7 бас зерттеушісі болып табылады.