Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

«Түркібарометр» – Халықаралық Түркі академиясының (https://twesco.org/) тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» (https://opinions.kz/en/) ғылыми-зерттеу институты тұрақты түрде 2017-2022 жылдар аралығында түркітілдес елдер – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстанға қатысты қоғамдық пікірді зерттеу үшін жүргізетін еларалық әлеуметтанулық зерттеу.

Түркітілдес әлем елдері тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу – түркітілдес кеңістікте болып жатқан белгілі бір процестерге азаматтардың көзқарасын түсіну, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық пен коммуникация формаларын жандандыру бағыттарын іздеу үшін маңызды қадам.

Бірінші сауалнама 2017 жылдың қыркүйек-қараша айларында түркітілдес алты елдің астаналары: Баку, Астана, Бішкек, Ашхабад, Анкара, Ташкентте өткізілді. Сауалнамаға 18 жасқа толған елорда тұрғындары қатысты. Әр елде 500 респондентке сауалнама жүргізді. Респонденттердің жалпы саны 3000 адамнан құралады.

Екінші ұлттық сауалнама 2018 жылдың шілде-тамыз айларында бес түркітілдес ел: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанда жүргізілді. Сауалнама репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді, әр елде 1000 респонденттен сұхбат алынды. Респонденттердің жалпы саны 5084 респонденттен құралады.

Көп жағдайда респонденттер кездейсоқ таңдалады. Стандартты сауалнамалар жобаға қатысушы барлық елдерде жеке сұхбат форматында жүргізіледі. Түркібарометр жобасының зерттеу түріне немесе тақырыбына байланысты әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады.

2018 жылғы зерттеу нәтижелері 2018 жылдың қыркүйегінде Шолпан-Атада (Қырғызстан) өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының VI саммитінде түркітілдес елдер президенттерінің назарына ұсынылды.

Үшінші сауалнама Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанда 2022 жылы сарапшылық сауалнама форматында түркітілдес елдердің сарапшылар қауымдастығының заманауи өзекті мәселелер бойынша пікірлерін зерделеу мақсатында өткізілді. Сарапшылар құрамы құндылықтарды, бірегейлікті, мемлекеттік басқаруды, ұлттық тарих пен мәдениетті, халықаралық қатынастарды және т.б. зерттеу саласындағы бірқатар ғалым, зерттеуші, практиктерден құралған. Іріктеме - әр елде 25 сарапшы. Бес елдегі жалпы іріктеу 125 сарапшыдан құралады.

Зерттеуді жобаға қатысушы бес елдің халықаралық зерттеушілер тобы жүргізді.

Ғылыми жобаның бірқатар нәтижелері мақалаларда жарияланды.

Türk Barometresi - 9/01/2024. Yeni Şafak https://www.yenisafak.com/dusunce-gunlugu/turk-barometresi-4592968

Тюркский барометр (Turkbarometer) держит руку на пульсе тюркского мира - 29/12/2023. Yeni Şafak https://www.yenisafak.com/ru/columns/ainur-nogayeva/15302

3-2019 Қоғам және Дәуір

GLOBAL-Turk-3-4-2018