Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Институт әлем бойынша танымал зерттеушілермен, сарапшылармен және ғалымдармен үнемі Сараптамалық кездесулер өткізіп тұрады. Мұндағалымдар, зерттеушілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес аналитикалық құрылымдардың өкілдері, магистранттар, докторанттар шақырылады. Сараптамалық кездесулер 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.


2024 жылғы 24 қаңтарында Институт кеңсесінде Хаджеттепе университетінің доценті, PhD докторы Анар Сомунжуоглумен сарапшылық кездесу өтті. Сарапшы «Түркияның Еуразиядағы сыртқы саясаты» тақырыбында баяндама жасады. Кездесуге Институттың ғылыми қызметкері Қаламқас Есімова модераторлық етті. Сараптамалық кездесу гибридтік форматта (офлайн/онлайн) өтті.

«Терроризм: адамдарды тартудың нысандары мен әдістері». Сарапшы: проф. Татьяна Дронзина Саясаттану ғылымдарының докторы, Киелі Климент Охридский (Болгария) атындағы София университетінің профессоры.

«Таяу Шығыстағы жағдай: Ираннан көзқарас». Сарапшы: проф. Бахрам Амирахмадиан (Bahram Amirahmadiyan) - әйгілі ирандық ғалым, Тегеран университетінің профессоры, Ресей, Орталық Азия мен Кавказды зерттеу орталығының ғылыми кеңесінің мүшесі (Тегеран, Иран).

«Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның аналитикалық құрылымдарының ынтымақтастығы: мүмкіндіктері мен болашағы». Сарапшы: Санчел Ким - профессор, Ханкук университеті Орталық Азияны зерттеу институтының ғылыми қызметкері (Сеул, Оңтүстік Корея), Қазақстан бойынша маман.

«Қытай қазақтарының қазіргі жағдайы (әлеуметтік экспедициялардың нәтижелері бойынша)». Сарапшы: Ботагөз Ракишева - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, қазақ диаспорасының зерттеушісі, әлемнің 20 елінде этникалық қазақтардың (Батыс Еуропа, Түркия, Ресей, Қытай, Орталық Азия, Сауд Арабиясы және т.б.) өмірін зерттеу мақсатында далалық зерттеулер жүргізді.

«Түркияның сыртқы саясатындағы жаңа тенденциялар жайлы». Сарапшы: проф. Байрам Балчи, Посткеңестік исламның танымал сарапшысы, оның зерттеулерінің басты тақырыбы Түркия, Кавказ және Орталық Азиядағы ислам мәселесі болып табылады.

«Украиналық дағдарыс: ЕО-тан сарапшылық көзқарас». Сарапшы: доктор Николас де Педро, Халықаралық қатынастар орталығының ғылыми қызметкері (Барселона қ., Испания). Тақырыбы: Украина дағдарысы: ЕО-тан сарапшылық көзқарас.

«Еуропадағы мультикультурализм: бүгіні мен болашағы». Сарапшы - проф. Ян Асмуссен (Jan Asmussen) - этно-конфликтология мен медиацияға маманданған неміс зерттеушісі және ғалымы, Әлеуметтік ғылымдар институтының ғылыми қызметкері (Киль,Германия).

Қырғызстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, профессор Иманалиев Муратбек Сансызбайұлымен сарапшылық кездесу, екі жыл бойы Мұратбек Сансызбайұлы ШЫҰ Бас хатшысы қызметін атқарды (1 қаңтар 2010 ж. - 31 желтоқсан 2012 ж.), Қырғыз Республикасының ҚХР-дағы елшісі болды. Қазір ол Қоғамдық саясат институтының жетекшісі қызметінде. Кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қырғызстан-Астана» қырғыз этномәдени бірлестігімен, Қазақ-Ресей университетімен және ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесімен бірлесіп өтеді.