2026 жылғы 13 тамызда ҚҚДИ алаңында Ұлттық комиссия жанындағы отбасы, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдары консорциумының қызметі аясында «Жастар, отбасы және Қазақстанның демографиялық дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, БҰҰ-ның Халық қоныстануы қорының (ЮНФПА) бірлесуімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында ЮНФПА-ның Demographic Futures Survey 2026 жаһандық зерттеуі таныстырылды. Бұл жас ұрпақтың өмірлік жоспарларына арналған ең ауқымды халықаралық зерттеулердің бірі. Зерттеу әлемнің 73 елінен 18–39 жас аралығындағы 108 мыңнан астам интернет пайдаланушыны қамтыды. Сонымен қатар, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚҚДИ зерттеу нәтижелері таныстырылды. Дөңгелек үстел жұмысына Институт директоры Ботагоз Ракишева, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты және Институттың бас ғылыми қызметкері, антропология және этнология магистрі Қаламқас Есимова қатысты.
Толығырақ:
https://www.facebook.com/reel/28261169496842596
https://www.facebook.com/KIPD.KZ
2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен бірлесіп әлеуметтанулық кездесу өткізді. Кездесудің тақырыбы: «Қазіргі француз әлеуметтану мектебі».
Кездесудің спикерлері: Франциядағы Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінің магистранты Эллиот Бароу және Paris-Nanterre университетінің әлеуметтану мамандығы бойынша бакалавры Амира Амеркулова. Әлеуметтанушылар Астана қаласындағы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтында тағылымдамадан өтуде.
Іс-шараның модераторлары: Эльмира Отар, әлеуметтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD), ҚҚДИ Отбасы және гендерлік саясатты зерттеу орталығының директоры және Аружан Көміртай, әлеуметтану магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ғылыми қызметкері.
Іс-шараға мемлекеттік және мемлекеттік емес зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарын таныстыратын әлеуметтанушылар қатысты.
2026 жылғы 22 шілдеде Астана қаласында Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) «Талдаудан іс-қимылға: Мобильділікті бақылау матрицасының (MTM) нәтижелерін бағдарламалық жоспарлауда қолдану» атты зерттеу нәтижелерін таратуға арналған семинары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, даму жөніндегі әріптестердің, дипломатиялық миссиялардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктерінің, академиялық қоғамдастықтың және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ХКҚҰ-ның көші-қон процестерін, еңбек мобильділігінің үрдістерін өлшеуге және жаңа көші-қон трендтерін анықтауға мүмкіндік беретін MTM зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Зерттеу аясында халықаралық еңбек мигранттарымен 2 600 сұхбат, негізгі ақпарат берушілермен 7 600-ден астам сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, жұмыс істеу және білім алу мақсатында шетелге шығатын Қазақстан азаматтарымен жүргізілген 5 100-ден астам сұхбаттың алдын ала нәтижелері алынды. Зерттеу барысында еңбек мигранттарының шығу елдері, жұмыспен қамту секторлары, баратын елдерді таңдау ерекшеліктері және осалдықтың пайда болып жатқан факторларын қоса алғанда, мобильділіктің негізгі модельдері туралы деректер жиналды. Семинарға Институт директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ракишева Ботагөз, ғылыми қызметкер Көміртай Аружан, сондай-ақ Франциядағы Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінің магистранты, зерттеуші-стажер Эллиот Бароу қатысты.
Толығырақ:
2026 жылғы 17 шілдеде Астана қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarap» сарапшылар клубының «Электоралдық ландшафт – 2026: қоғамдық күтулер мен сайлау үрдістері» тақырыбындағы отырысын өткізді.
Іс-шараға сарапшылық және академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Отырыс барысында Қазақстандық қоғамдық даму институтының екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1200 респондент).
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева отырысқа қатысып, талқылауға өз үлесін қосты.
2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Coventry University Kazakhstan базасында ««Цифрлық өзгерістер дәуіріндегі Қазақстан жастары» тақырыбында сарапшылық пікірталас өткізді.
Іс-шараға «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры әрі пікірталас алаңының модераторы Гүлісхан Нахбаева құттықтау сөз сөйлеп, цифрлық өзгерістер жағдайындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарына тоқталды.
«Қазақстан жастары» атты әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасының басшысы Сабина Шаймерденова таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова жастарға ықпал ететін заманауи әлеуметтік үдерістерге сараптамалық баға беріп, жас ұрпақтың құндылықтары мен қоғамдық көңіл-күйінің трансформациясына қатысты аналитикалық көзқарасын ұсынды.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы саясаты бөлімінің басшысы Ақнұр Иманқұл цифрлық ортаның отбасы институтына, жастардың әлеуметтенуіне, құндылықтық бағдарларының қалыптасуына, сондай-ақ жастар мінез-құлқының гендерлік ерекшеліктеріне әсеріне тоқталды.
Сарапшылық пікірталасқа сондай-ақ «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева, зерттеуші-тағылымдамашылар Эллиот Бароу, Франциядағы Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінің магистранты, және Амира Амеркулова, Paris Nanterre University университетінің әлеуметтану мамандығының бакалавры қатысты.
Толығырақ: https://eljastary.kz/?p=3076
2026 жылғы 10 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұйымдастыруымен «Josparlaý» сараптамалық-диалог алаңының «Тәуекелдерден тұрақтылыққа: Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы» атты отырысы өтті. Аталған отырысқа «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагоз Ракишева қатысты. Отырыс барысында сарапшылар Демографиялық ахуалды бағалау жөніндегі ұлттық баяндаманың тұжырымдамасын, өңірлердің демографиялық тұрақтылығы индексінің әдіснамасын және демографиялық үдерістерді талдаудың заманауи тәсілдерін талқылады.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1256621?lang=kk
2026 жылғы 8 шілдеде Институт директоры Ботагоз Ракишева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «Құрылтайға сайлау: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық алаңға қатысты.
Толығырақ:https://kisi.kz/ru/vybory-v-kurultaj-stanut-pervym-prakticheskim-etapom-realizachii-novoj-konstituchii-eksperty/
2026 жылғы 8 шілдеде Институт директоры Ботагөз Ракишева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен өткен Сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Отырыс барысында «Отбасының цифрлық картасы» әдістемесі таныстырылды.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1254936?lang=kk
2026 жылғы 16–19 маусым аралығында Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) CESS (Central Eurasian Studies Society) аймақтық конференциясы өтті. Конференцияның ашылу рәсімін CESS президенті, қауымдастырылған профессор және ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары Дина Шарипова, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Риккардо Пелиццо жүргізді.
"Quiet Power, Strategic Silence, Decolonial Diplomacy, and Transformative Resilience in Central Asia" атты негізгі баяндаманы доктор Тимур Дадабаев ұсынды. Доктор Тимур Дадабаев Жапониядағы Цукуба университетінің халықаралық қатынастар профессоры және Жапония мен Еуразияны зерттеу жөніндегі арнайы бағдарламаның директоры. Сонымен қатар, ол Швециядағы Лунд университеті жанындағы Швеция ғылыми-зерттеу кеңесінің шақырылған профессоры қызметін атқарады. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Әлемдік экономика және дипломатия университетінің халықаралық қатынастар профессоры әрі ғылыми зерттеулер мен инновациялар жөніндегі проректоры болып қызмет етеді.
Конференция аясында барлық күндері кітап көрмесі мен Living Cultural Heritage exhibition көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің кураторы – Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану профессоры Снежана Атанова. Көрмеде оның жеке коллекциясынан алынған бірқатар ерекше экспонаттар ұсынылды.
Кешкі банкет музыкалық концертпен жалғасты. Концерт барысында доктор Мерей Отан және Назарбаев Университетінің оркестрі өнер көрсетті.
Конференция аясында әртүрлі елдерден шамамен 400 қатысушы қатысты. 100-ден астам панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер және кітап таныстырылымдары өткізілді. Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі ұйымдастыру үшін, ал қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреміз!
Конференцияға Институттың ғылыми қызметкерлері қатысты: Ботагөз Ракишева – директор, Қаламқас Есімова – бас ғылыми қызметкер, Аружан Көміртай – кіші ғылыми қызметкер, Eliott Barrois – Институттың зерттеуші-тағылымгері, École des Hautes Études en Sciences Sociales магистранты (Франция).
Конференция аясында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Қазақ / қазақстандық диаспора: бейімделу стратегиялары, бірегейлік және жаңа үрдістер» атты панель ұйымдастырды. Панель қатысушылары қатарында қазақ диаспорасын зерттеуші танымал ғалым, профессор Peter Finke (Швейцария) болды. Модератор: Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) Талқылаушы: Санчел Ким, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Ханкук шетел тілдері университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институты. Панель спикерлері: Гульнаш Асхат, Ляззат Айтымбет (Тұран университеті). Баяндама: АҚШ-тағы қазақ диаспорасы: ұлттық бірегейлікті жоғалту қаупі. Анар Сомонжоглу (Түркия, Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті). Баяндама: Түрік диаспорасының саясаты және Еуропадағы қазақтар. Қаламқас Есімова (Astana IT University, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты), Айнұр Ибраева, Аружан Көміртай («Қоғамдық пікір» зерттеу институты). Баяндама: Қазақ/қазақстандық диаспораның қалыптасуындағы жаңа үрдістер. Бейбітгүл Хаумен (Моңғолия). Баяндама: Моңғолиядағы қазақ болмысы: күнделікті ұлтшылдық және тиесілік саясаты.
Толығырақ: https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/central-eurasian-studies-society-cess
2026 жылғы 13 маусымда Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Әлемдік экономика және дипломатия университетінде «Орталық Азия мен Қытай: мұра мен болашақ тоғысындағы ынтымақтастық» тақырыбында Орталық Азиядағы II Қытайтану форумы өтті.
Форум Institute for Advanced International Studies тарапынан Қытайдың World Center for Sinology және Қазақстандағы «Бір белдеу, бір жол» ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, Қытай Халық Республикасының Ташкенттегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Аталған іс-шара 2025 жылғы мамыр айында Алматы қаласында бастау алған өңірлік сарапшылық диалогтың жалғасы ретінде өтіп, Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы академиялық, сараптамалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды. Форум жұмысына «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Қаламқас Есімова қатысты.
Толығырақ: https://www.uwed.uz/ru/news/1610
1 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына