22 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 22 желтоқсанда, Алматы қ., ә.ғ.к. Ботагөз Ракишева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне арнап «Халықаралық салыстырмалы әлеуметтанулық зерттеулер: әдіснама, нәтижелер, перспективалар» тақырыбына лекция өткізді.
Дереккөз:
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02XE6kMXkQsJwzPvznJjBgz9m9gGZViJj9gnr5EYXJ6c9fE1cg2LEFgcPVBq7GGohZl&id=100063570255585
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінің ресми сайты:
https://farabi.university/news/84687
2023 жыл 22 желтоқсан
2023 жылғы 22 желтоқсанда, Алматы қ., ә.ғ.к. Ботагөз Ракишева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ким Герман Николаевичтің 70 жылдығына арналған «Қазіргі әлемдегі азиялық зерттеулер контексінде кәрістанудың өзекті мәселелері” халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.
Іс-шара туралы толығырақ: https://farabi.university/news/84682?lang=ru&fbclid=IwAR3LpFQOutPoraNalpzKKaU7zQbWgkfWTOjdbkWt9b1Dvvb6HVTNLHiRiIo
12 желтоқсан 2023 жыл
2023 жылғы 12 желтоқсанында Шанхай қ., ғылыми қызметкер Қаламқас Есімова «ШЫҰ‑ға әйелдер көзқарасы: сапалы ынтымақтастық» 3-ші халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияны Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының талдау орталығын ұйымдастыру қоры және ШЫҰ‑ның тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі Қытай комитеті ұйымдастырды.
Қаламқас Есімова «ШЫҰ аясындағы гуманитарлық ынтымақтастық: Өркениеттер мен аймақтық бірегейлікті өзара зерттеу» атты 2-ші секция аясында «Халықаралық ғылыми социологиялық зерттеулердегі қытайлық бастамалар» тақырыбында баяндама жасады.
Конференция туралы қосымша ақпарат: https://www.siis.org.cn/jx/15346.jhtml
22 қараша 2023 жыл
2023 жылғы 22 қарашада Өзбекстанның Наманган қ. «Ферғана алқабындағы үй шаруашылықтары мен қауымдастықтардың энергияға қолжетімділігі – ОАӨЭЫ үш еліндегі сауалнамалар негізінде көпөлшемді бағалау» онлайн (ZOOM)/офлайн семинары өтті. Семинар аясында ОАӨЭЫ Институты, Азия Даму Банкі институты және Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты үш елде «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен бірлесіп жүргізген сауалнамалардың нәтижелері талқыланды. Семинарда ә.ғ.к., Институт директоры, Азия Даму Банкінің ұлттық консультанты Б.И. Ракишева осы зерттеудің нәтижелерін ұсынды.
Толығырақ: https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/gylymi-semin-rl-r
03 қараша 2023 жыл
03.11.2023. Б.И. Ракишева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өткен, Медиация саласын дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты. Отырысқа мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, медиаторлар ұйымдарының басшылары қатысты.
Толығырақ:
https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/647180?lang=ru&fbclid=IwAR20Pihlnq98-xLI1eqvOEEVjvRdGH70YGY-liYNs0SHw7UNFcMjU1MlQQs
https://dknews.kz/ru/v-strane/306999-kazahstan-udelyaet-vnimanie-dosudebnomu
11 қазан 2023 жыл
Заманауи. Технологиялық. Стильді!
2023 жылғы 11 қазанда Астанада «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен Отандастар форумы өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен форумға 200-ден астам делегат, қазақ диаспорасының өкілдері келді, жастар өте көп болды. Спикерлер қызықты, баяндамалар серпінді және есте қаларлық болды!
Өткізілген сессиялар: «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Медиа және заманауи трендтер».
Залдың дизайнын, бағдарламаларын, төсбелгілерін және т.б. жеке атап өткіміз келеді. Форумның символы болған ҚҰРАҚ КӨРПЕ іс-шараның жалпы Концепциясымен тамаша үйлесім тапты.
Форумды ашқан бейнеролик барлық қатысушылардың жүрегіне жол тауып, аса қатты әсер қалдырды!
Форум ұйымдастырушылары мен серіктестеріне маңызды және қажетті іс-шара үшін рахмет.
Форумда біз, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, «Отандастар қоры» КЕАҚ тапсырысы бойынша шетелдік қатысушыларға сауалнама жүргіздік, олардың нәтижелері іс-шара соңында жарияланды.
Нәтижелер
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының интервьюерлері форумға келген шетелдік делегаттарға сауалнама жүргізді.
21-24 қыркүйек 2023 жыл
2023 жылғы 21-24 қыркүйекте Алматы қ. (Қазақстан) European Society for Central Asian Studies (ESCAS) “Power, people and cultural change in an ever-evolving Central Asia” өңірлік конференциясы өтті. Конференцияны KIMEP, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Неміс университеті бірлесіп ұйымдастырды.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты конференция және 10 жылдығын мерекелеу аясында «Әлем елдеріндегі Орталық Азия көші-қоны: сәйкестілік, бейімделу, интеграция» Central Asian Migration in the Countries of the World: Identity, Adaptation, Integration панелін және «WVS/WAPOR: Орталық Азия көші-қоны - ХХІ ғасырдағы Азия қоғамдары» иақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Толығырақ: https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/escas-2023
2023 жылғы 17-18 тамызда
2023 жылғы 17-18 тамызда Алматыда Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) – БҰҰ Көші-қон агенттігі «Отандастар» қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы сияқты серіктестерімен бірлесіп, қазақ диаспорасы және шетелдегі қандастармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық семинар-форум өткізді.
Семинар-форум жұмысына институттың ғылыми қызметкерлері: Ботагөз Ракишева, Қаламқас Есімова, Айнұр Мәжитова қатысты.
Ботагөз Ислямқызы «Еуропадағы, Түркиядағы және Оңтүстік Кореядағы қазақтардың мысалында шетелдегі қазақ диаспорасы мен отандастарының жағдайы мен негізгі тенденциялары» атты баяндама жасады.
Біз Қазақстанның диаспоралық саясатының жаңа кезеңіндеміз. «Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты» Тұжырымдамасынан кейін «Қазақстан Республикасының шетелде тұратын отандастармен жұмыс жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған қарым-қатынас стратегиясы» әзірленді. «Қарым-қатынас стратегиясы» Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тікелей қатысуымен Халықаралық көші-қон ұйымы мен «Отандастар» қоры» АҚ-ның екі жылдық жұмысының нәтижесі болды. Айта кету керек, дайындық барысында қазақстандық және халықаралық тәжірибе ескеріліп, зерттеулер жүргізіліп, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың өкілдерімен, ғалымдармен пікірталас жүргізілді.
Қарым-қатынас стратегиясының мақсаты – шетелде тұратын отандастармен нәтижелі диалог орнату, сондай-ақ өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру және оларды Қазақстан Республикасының дамуына тарту. Сонымен қатар, стратегия халықаралық қоғамдастық алдында Қазақстанның оң имиджін қалыптастыруға және еліміздің әлемдегі беделін арттыруға бағытталған.
Біз Қарым-қатынас стратегиясын әзірлеушілерге алғыс айтамыз және Стратегия шетелдегі отандастармен байланыс орнатуға елеулі үлес қосады деп сенеміз!
2023 жылғы 27 маусымда
2023 жылғы 27 маусымда құрылтайшы, жобалар жөніндегі директор Ботагоз Ракишева, директордың орынбасары Айнур Мажитова, талдаушы-әдіскер Каламқас Есимова және Институтқа шетелден келген тағылымдамашы Юджиния Пеши 2024-2028 жылдарға арналған шетелде тұратын отандастармен жұмыс жөніндегі Қазақстан Республикасының коммуникациялық стратегиясына ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырысты Астана қаласындағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (ХКҰ) ұйымдастырды.
Отырыстың мақсаты - осы құжатқа жалпымемлекеттік тәсілді енгізу мақсатында стратегия жобасына түйінді ұсынымдар мен пікірлер әзірлеу. Отырыс аясында Ботагоз Ракишева ХКҰ тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2021 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы тамыз аралығында жүргізген «Қазақ диаспорасын картаға түсіру мақсатында ономастикалық талдау» жобасының нәтижелерін ұсынды.
Сондай-ақ, отырыс барысында қазақстандық диаспорамен және шетелдегі отандастармен қарым-қатынас стратегиясының жобасы қаралды. Қатысушылармен бірлесіп коммуникациялық стратегияның іс қимыл жоспары талқыланды және оны жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленді.
2023 жылғы 23 маусымда
2023 жылғы 23 маусымда директордың орынбасары Айнур Мажитова, әдіскер-талдаушы Каламқас Есимова және ғылыми қызметкер Амина Хасанова «Ресей мен Қазақстандық ұйымдардың мигранттармен жұмыс механизмдерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылы» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелді «ПСП-фонд» білім беру және әлеуметтік жобаларды қолдау және дамыту жөніндегі қайырымдылық қоры (Ресей) және «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы ҚБ (Қазақстан) ұйымдастырды. Дөңгелек үстел «Көші-қон және даму (КжД)» жобасы аясында өткізілді. Ресей Федерациясының Президенттік гранттар корының қолдауымен жүзеге асырылатын Ресейдің қоғамдық ұйымдары, ЕАЭО және ТМД арасындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы мигранттарды көшпелі даярлау жүйесінде ресейлік КЕҰ табысты технологияларын тарату. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Ресей Федерациясындағы көші-қон үрдістерін, заңнаманы, осы процестерін реттеу және басқа да өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шараның екінші жартысында «Ресей Федерациясының көші-қон саясаты және Ресей мен Қазақстан ұйымдарының мигранттармен жұмыстағы өзара іс-қимылы» тақырыбына тренинг өтті. Тренерлер ретінде Панич Борис Леонидович («ПСП-фонд» ҚҚ директоры, Санкт-Петербург қ., РФ) және Якимов Андрей Николаевич («ПСП-фонд» ҚҚ жобалар үйлестірушісі, Санкт-Петербург қ., РФ) сөз сөйледі. Тренинг аясында келесі тақырыптар талқыланды: Ресей Федерациясының көші-қон саясаты, Ресей мен Қазақстан ұйымдарының өзара әрекеттесу мүмкіндіктері мен механизмдері, еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің Ресей Федерациясындағы құқықтық және әлеуметтік-мәдени бейімделуіне ықпал ету механизмдері мен тәжірибелері.
1 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына