2023 жылғы 26-28 мамырда
2023 жылғы 26-28 мамырда Институт қызметкерлері, қазақ диаспорасының зерттеушілері – Б.И. Ракишева, Г.Т. Ашкенова және А.Б. Мажитова Кельн қаласында (Германия) өткен Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысты. Ұйымдастырушы тарап «Отандастар қоры» КЕАҚ және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен Кельн қаласындағы Қазақ мәдени орталығы болды.
Құрылтай аясында Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы көшбасшыларының кездесуі, жастар конференциясы, футбол турнирі, концерт, Қазақстаннан келген қолөнершілер мен суретшілердің сауда жәрмеңкесі, көрмелер, ұлттық ойындар, фотосессиялар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, құрылтай Еуропа мен Қазақстанның түрлі елдерінен 2000-нан астам қазақты жинады, бұған қоса Қазақстаннан Германияға қоныс аударған неміс этникалық тобынан бұрынғы отандастары қатысты.
Кельн қаласындағы Қазақ мәдени орталығына және «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымына Құрылтайды тамаша ұйымдастырғаны және осындай маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін алғыс айтамыз.
Дереккөз: https://www.oq.gov.kz/ru/news/820-kuryltay-kazakhov-v-germanii
2023 жылғы 17-19 мамырда
2023 жылғы 17-19 мамырда Астанада ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және БҰҰДБ бірлесіп Астана Мемлекеттік қызмет хабының 10 жылдығы аясында «Меритократия. Парасаттылық. Инновация» атты жыл сайынғы конференция өткізді.
Конференцияның ашылуында Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Халықаралық мемлекеттік қызмет комиссиясының төрағасы Ларби Джакт, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, БҰҰ Қазақстандағы Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, ЭЫДҰ Мемлекеттік басқару жөніндегі директоратының басшысы Эльза Пиличовски, Кореяның бұрынғы персоналды басқару министрі, Америка Мемлекеттік басқару қоғамының халықаралық директоры Пан Сук Ким, Президент жанындағы АМУ ректоры Ерлан Әбіл сөз сөйледі.
Үш күн бойы қызықты тақырыптар, қызу пікірталастар, пайдалы пікір алмасу болды.
Конференция ұйымдастырушыларына қызықты және нәтижелі сессиялар мен дөңгелек үстелдер өткізіп, мерейтойлық конференцияға қатысуға мүмкіндік бергені мен ынтымақтастық еткені үшін алғыс айтамыз!
«Тиімді коммуникацияларды құру» сессиясында антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының аналитик маманы Қаламқас ЕСІМОВА «Мемлекеттік органдардың халықпен байланыс арналары: зерттеу әдістері мен әдістемесі» тақырыбында сөз сөйледі. Астана Мемлекеттік қызмет хабының бұл зерттеуін «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының қызметкерлері жүргізді.
«Хабтың жаңа жобалары мен жарияланымдарының тұсаукесері» сессиясында әлеуметтану магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты директорының орынбасары Айнұр Мажитова Астана Мемлекеттік қызмет хабының тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының қызметкерлері жүргізген «Қоғамдық маңызы бар қызметтер сапасына халықтың қанағаттану деңгейін өлшеу бойынша қоғамдық мониторинг» әлеуметтанулық зерттеу әдіснамасын таныстырды.
Жыл сайынғы конференцияда алғаш рет «Мемлекеттік басқаруды дамытудың мәдени-өркениеттік аспектілері: Лагаш пен әл-Фарабиден бүгінгі күнге дейін» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді, онда баяндамалар ұлттық дәстүрлердің мемлекеттік басқару жүйесіне әсері, мемлекеттік басқарудың мәдени және өркениеттік аспектілеріне арналды.
Модераторлар: Әлихан Байменов, Астана хабы Басқарушы комитетінің төрағасы; Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Дихан Қамзабекұлы, "Egemen Qazaqstan" бас директоры
Баяндамашылар:
Әлия МАСАЛИМОВА, Ғылыми қызмет жөніндегі проректор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
«Әл-Фараби мемлекеттік басқару философиясы»
Азиза УМАРОВА, «SmartGov Consulting» негізін қалаушы және бас директоры, Өзбекстан
«Темір ережелерінде көрсетілген мемлекеттік басқарудың негіздері мен принциптері»
Максат ХАЛЫК, Сарапшы, Лектор, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Қазақстан
«Әлихан Бөкейханның ұлттық экономикалық моделі»
Абдулвахап КАРА, Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университетінің профессоры, Түркия
«Мұстафа Шоқайдың Орталық Азиядағы мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері туралы идеялары»
Ботагөз РАКИШЕВА, Ғылыми кеңесші, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының жобалау директоры, Қазақстан
«Ұлттық мәдениеттің институттардың қалыптасуына және басқарушылық шешімдер қабылдауға әсері» зерттеу тұжырымдамасы
2023 жылғы 9-10 мамырда
2023 жылғы 9-10 мамырда «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева және антропология және этнология магистрі Қаламқас Есімова Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институты ұйымдастырған Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия әлеуметтік саясат қауымдастығының 11 халықаралық симпозиумында сөз сөйледі.
Симпозиум жұмысына сарапшылар, Орталық Азия зерттеушілері, Қырғыз Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Аида Исмаилова, Өзбекстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісінің м.а. Зокир Саидов қатысты.
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына