Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына оқу көші-қоны елдер арасындағы стратегиялық ынтымақтастық аспектілерінің бірі ретінде (әлеуметтік зерттеу нәтижелері).

Оқу көші-қоны мемлекетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін факторлардың бірі. Жыл сайын қазақстандық жастар білім алу үшін Қытай жоғары оқу орындарын таңдайды. Мәселен, көрші елдегі қазақстандық студенттер саны өткен онжылдықта 14 есеге артты.

Басылым Қытайда оқитын қазақстандық азаматтардың сауалнамасы негізінде дайындалған. Барлығы 407 респонденттен сұхбат алынды (16 - 34 жас аралығы; орташа жас - 21). Зерттеу жүргізу уақыты: 2015 жылғы маусым-желтоқсан.

Зерттеу әдіснамасы ақпаратты жинаудың сандық (ҚХР-да оқып жатқан 407 қазақстандық сауалнамаға қатысты) және сапалы әдістерін (60 сарапшыға сауалнама жүргізу, статистикалық деректерді талдау, БАҚ-ты контент-талдау) кешенді пайдалануға негізделген. Зерттеу барысында оқытушылар, қазақстандық және қытайлық жоғары оқу орындарының халықаралық бөлімдерінің қызметкерлері, білім саласына және екіжақты қарым-қатынастар мәдениетіне жетекшілік ететін дипломаттар, қытай жоғары оқу орындарын бітірген және өз отанында да, басқа елдерде де жұмыс істейтін қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізілді. Екі елдің ресми тұлғаларының сөйлеген сөздерін, баспасөз мақалаларын, ҚХР-дағы ҚР Елшілігі мен ҚР-дағы ҚХР Елшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚХР Білім министрлігінің статистикалық деректерін талдау сұхбат пен сауалнама нәтижелері бойынша қалыптасқан көріністі толықтырды.

Қытайдың 14 қаласында (Сиань, Пекин, Шанхай, Гуанчжоу, Ланчжоу, Үрімші, Далян, Циндао, Нанкин, Ухань, Гуилин, Сямын, Чжэнчжоу, Ханьчжоу) өткізілген және 49 ЖОО-да білім алып жатқан қазақстандықтарды қамтитын әлеуметтік зерттеу оқу көші-қонының түрлі аспектілерін ашады. Осы тақырыпты жан-жақты зерделеу негізінде оқитын жастардың ниетіне тұрақты мониторинг жүргізудің маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның зияткерлік әлеуетін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік беретін шараларды уақтылы қабылдау қажеттігі көрсетілген.

Кітап оқырмандардың қалың тобына арналады. 

Қазақ және орыс тілдерінде жүктеу

Қытай тілінде жүктеу
Ағылшын тілінде жүктеу