Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР. Қоғам. Саясат. Экономика» халықаралық ғылыми-талдау және ақпараттық журналын Әлеуметтік-саяси зерттеулер иституты (ӘСЗИ-Қазақстан) 2009 жылдан бастап шығарады. 2013 жылы журналды шығару құқығы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтына берілді.

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркелген (куәлік № 13492-Ж), сериялық басылымның ISSN 2224-0276 Халықаралық стандарттық нөмірі бар.

Жылына 4 рет шығарылады. Бір рет ағылшын тілінде басылып шығарылады.

Журналдың ұстанатын басымдығы – өзекті қоғамдық мәселелерді жариялау. Негізгі фокус – әртүрлі мемлекеттерде жүргізілетін зерттеу жобаларының нәтижелері.

Басылымға Болгария, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Жапонияның атақты және беделді ғалымдары –журналдың Редакциялық кеңес мүшелері консультациялық қолдау көрсетті.

Журнал мұрағаты осында