Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы реформалардың макроэкономикалық салдары

2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Институт «Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы реформалардың макроэкономикалық салдары» атты лонгитюдті зерттеу жүргізді, оның мақсаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті медициналық сақтандыруға (МӘМС) көшу жөніндегі енгізіліп отырған саясатын бағалау болып табылады. Жоба аясында міндетті медициналық сақтандыруға көшуге қатысты мақсатты топтардың үміттері зерделенді.

2018 жылы мақсатты топтарға (тұрғындар, дәрігерлер, медициналық мекемелердің басшылығы, ШОБ) face-to-face форматында сауалнама жүргізу әдісімен сұрақтар қойылған болатын. Жалпы іріктеме 4400 респонденттен құралады. Сауалнама Қазақстанның 14 облысында және Астана, Алматы қалаларында жүргізілді.

2019 және 2020 жылдары түрлі мамандық иелері қатарынан 500 дәрігер респондентке (педиатр, терапевт, хирургт және т.б.) қайталап сауалнама жүргізілді. Сауалнама Қазақстанның 14 облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. 2021 жылы «халық» санатына кіретін барлығы 650 респондентке қайталап сауалнама жүргізілді.

Лонгитюдті зерттеу нәтижелері толығымен ашық және қолжетімді. Зерттеу нәтижелерін алу үшін Институттың бас кеңсесіне хабарласыңыз. e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , тел.: +7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26