ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Programme for the International Assessment of Adult Competences) (2016-2017 жж)
PIAAC - бұл еңбекке қабілетті ересек халықтың негізгі дағдылары мен құзыреттерін бағалауға және салыстыруға бағытталған бірегей халықаралық жоба. Бағдарламаны экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді және құрамына білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар (Westat, cApStAn, ROA, GESIS, DIPF, IEA) кіретін консорциум іске асырады. Ересектердің дағдыларын бағалау әлемде 1995 жылдан бері жүргізіліп келеді. PIAAC бағдарламасы әлемнің 24 елінде жүзеге асырылды, оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея, Канада, Финляндия, Франция, Германия, Жапония, Нидерланды, Ресей және т.б. PIAAC жобасын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Қазақстандағы PIAAC Ұлттық үйлестірушісі ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.
2016 жылы Қазақстан алғаш рет PIAAC бағдарламасына қатысты. Құралнамаларды сынау үшін 2016 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты апробациялық зерттеу жүргізді (16-65 жас аралығындағы 1765 респондент, сауалнама ноутбуктерде жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат).
2017 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының негізгі зерттеу бөлігі жүргізілді (16-65 жас аралығындағы 1720 респондент, сауалнама ноутбуктерде жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат). 2019 жылы ЭЫДҰ зерттеу қорытындысы бойынша Салыстырмалы елдік есепті таныстырды (PIAAC international report).