ИНСТИТУТТЫҢ «ЕЛ ИМИДЖІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АВТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ
Институттың ғылыми қызметкерлері Қазақстанда тіркелген әртүрлі елдердің елшіліктері мен консулдықтары үшін социологиялық зерттеу жүргізу әдіснамасын әзірледі.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан тұрғындарының көзімен шет елдердің имиджін зерделеу.
Осы жоба аясында бірқатар елшіліктер мен өкілдіктермен бірлескен социологиялық зерттеулер жүргізілді:
- Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен;
- Болгария Елшілігі жанындағы сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызметімен;
- Қазақстан Республикасындағы Чили Елшілігімен;
- Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігімен;
- Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігімен;
- Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігімен.
Сауалнама нәтижелері