Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Институт әлем бойынша танымал зерттеушілермен, сарапшылармен және ғалымдармен үнемі сараптамалық кездесулер, сараптамалық талқылау өткізіп тұрады. Мұнда ғалымдар, зерттеушілер, мемлекеттік және мемлекеттік емес аналитикалық құрылымдардың өкілдері, магистранттар, докторанттар шақырылады. Сараптамалық кездесулер, сараптамалық талқылау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді.

Сараптамалық талқылау - бұл Қауіпсіздік бағдарламалары орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты өткізетін қауіпсіздік саласындағы сарапшылармен тұрақты кездесулер.

VII және VIII Астана экономикалық форумы шеңберінде (2014 ж. мамыр, 2015 ж. мамыр) Еуразиялық даму банкінің Интеграциялық зерттеулер орталығы мен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырған «Еуразиялық интеграцияны қоғамдық қабылдау» панельдік сессиясы өтті.

2016 жылдан бастап Институт тұрақты түрде Көші-қон бойынша ғылыми семинарларды Назарбаев Университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебімен серіктестікте өткізіп келеді.

2011 жылдың қазан айында Халықаралық медиация орталығы құрылды. Орталықты құрудың мақсаты - Қазақстанда медиация институтын дамыту, жанжалдарды шешу үшін кәсіби медиаторлар мен келіссөз жүргізушілер тобын даярлау.