Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

(1930-50 жылдары Қазақстанға жер аударудан зардап шеккендермен сұхбат)

«1930-1950 жылдары халықтарды Қазақстанға депортациялау: тарихтың ортақтығы» (1930-50 жылдары Қазақстанға депортациядан зардап шеккендермен сұхбат) Б.И. Ракишеваның жалпы редакциясы — Астана, 2013 жыл. — 683 б. - («Ауызша тарих» сериясы).

Басылым «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының қолдауымен дайындалды.

2010 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры бастамашылық еткен «Болашақ үшін естелік» халықаралық жобасы шеңберінде жүргізілген сұхбаттардың мәтіндері жарияланады. 1930-1950 жылдары Қазақстанға жер аударылғандар және олардың отбасы мүшелерімен (сұхбат Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия, Молдова, Түркияда жүргізілді) 82 тереңдетілген сұхбат жүргізілді. Қазақстанға жер аударылған және қазіргі уақытта Қазақстанда және одан тыс жерлерде тұратын армян, әзірбайжан, белорусь, гагауз, неміс, поляк, грек, еврей, шешен, ингуш, балқар, қырым татарлары, месхетин түріктер, қарашай, кәріс, күрд ұлттары өкілдеріне жүргізілді. Сұхбаттың бір бөлігі мәжбүрлі қоныс аударушылардың жанында тұратын тұрғындарға жүргізілді. Кітапта Ресей Федерациясы, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия зерттеуші ғалымдарымен сұхбаттар келтірілген.

Жоба қорытындысы бойынша «1930-1950 жылдары халықтарды Қазақстанға депортациялау: тарихтың ортақтығы» деректі фильмі түсірілді, оның тұсаукесері 2010 жылғы 28 мамырда Астанада тарихшылар форумында өтті, ал фильмнің алғашқы жария көрсетілімі 2010 жылғы 31 мамырда «Хабар» қазақстандық ұлттық арнада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні өтті.

Кітапты жүктеу

Серияның бірінші кітабы, Климент Охрид атындағы София университетінің саясаттану кафедрасы профессоры, саяси ғылымдар докторы Татьяна Дронзинаның «Әйел бейнесіндегі терроризм» деп аталады (София, Болгария).

«Әйел бейнесіндегі терроризм» монографиясы әйелдердің суицидтік терроризмін терең тарихи тамыры бар қазіргі әлемнің феномені ретінде зерттеуге арналған. Кітапта терроризмге терең теориялық талдау берілген, осы мәселені зерттеудегі әртүрлі тәсілдер ашылған, ғылыми зерттеу объектісі ретінде суицидтік терроризмнің анықтамалары мен терминдері анықталған. Автор терроризмнің саяси және діни себептерін қарастырады.

Еңбектің эмпирикалық негізі Ливанда (1985-1987), Шри-Ланкада (1987-2008), Түркияда (1996-1999), Шешенстанда (2000-2004), Палестинада (2002-2006) жасалған суицид актілерінің егжей-тегжейлі талдауына негізделген.

Кітапты жүктеу