Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Социологиялық сауалнама негізінде. Екінші басылым. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2017. – 396 б.

Ғылыми жұмыста Тәжікстан жастарына 2015 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу аясында алынған эмпирикалық мәліметтерге жан-жақты талдау жасалған. Кітапта Тәжікстан жастарының қоғам, экономика, саясат, білім, жұмыспен қамту, өмір салты, отбасы, жыныстық мәдениет, әлеуметтік және діни өмір, интеграциялық бастамалар туралы негізгі көзқарастары, сенімдері мен құндылықтары талданады. Бұл басылым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің Қазақстан (2015 ж.), Қырғызстан (2016 ж.), Өзбекстан (2016 ж.) бойынша зерттеулерді қамтитын «Орталық Азия жастары» зерттеу жобасының қорытынды жарияланымдарының бірі болып табылады. Олардың барлығы «Shell Youth Study» бірыңғай әдістемесі бойынша жүргізілді, бұл олардың материалдарын компаративистік мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік береді. Жарияланым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалды. Жұмыс Тәжікстандағы жастар зерттеулеріне және қоғам өміріндегі заманауи процестерге қызығушылық танытатын мамандар мен оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Кітапты жүктеп алу