Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

А 64 Орталық Азия елдерінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) Оңтүстік Кореяға көші-қон процесін талдау: жағдайы, құрылымы, стратегиясы  Б.И. Ракишеваның редакциялауымен Korea Foundation, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, 2022 – Астана – 174 б.

Бұл баяндама «Support for Policy Oriented Research Program-2021» (Саясатқа бағытталған зерттеулерді қолдау бағдарламасы-2021) бағдарламасы бойынша Korea Foundation гранттық қолдауымен «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген «Орталық Азия елдерінен (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) Оңтүстік Кореяға көші-қон процесін талдау: жай-күйі, құрылымы, стратегиясы» халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша дайындалды.

Баяндама 2022 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореяда жүргізілген зерттеу нәтижелерін қамтиды. Зерттеу барысында Орталық Азия елдерінен Оңтүстік Кореяға этникалық, еңбек, құжатталмаған, оқу, неке көші-қоны мәселелері бойынша мигранттармен және сарапшылармен сауалнама жүргізу, сондай-ақ әлеуметтік желілерді, БАҚ-ты контент-талдау және кабинеттік зерттеу арқылы зерттелді.

Көші-қон мәселелерінің өзектілігін және оның халықаралық қатынастар, саясат, экономика және жалпы қоғам үшін салдарын ескере отырып, осы саланы жан-жақты зерделеу және көші-қон ағыны пайда болатын елдерде де, қабылдаушы елде де оның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу маңызды.

Бұл баяндама көші-қон, халықаралық қатынастар, диаспорология, корейтану саласындағы мамандарға ұсынылады.

Орыс тіліндегі кітапты жүктеп алу
Ағылшын тіліндегі кітапты жүктеп алу