Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

ОАӨЭЫ ЖЕКЕЛЕГЕН ЕЛДЕРІНДЕ (ГРУЗИЯ, ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, МОҢҒОЛИЯ, ПӘКІСТАН, ТӘЖІКСТАН ЖӘНЕ ӨЗБЕКСТАН) ҚОҒАМНЫҢ COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫНА КӨЗҚАРАСЫН ТАЛДАУ» СЕМИНАРЫ 

2021 жылғы 12 наурызда ОАӨЭЫ институты (Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық) «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) бірлесіп, Азия даму банкінің қолдауымен «ОАӨЭЫ жекелеген елдерінде (Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан) қоғамның COVID-19 вакцинациясына көзқарасын талдау» тақырыбында бірлескен онлайн (ZOOM)/офлайн семинар өткізді. Воркшопта ОАӨЭЫ 7 елінің халқына COVID-19 вакцинациясына қатысты жүргізілген сауалнаманың алдын ала нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Сауалнаманы институт 2020 жылғы желтоқсан – 2021 жылғы қаңтар аралығында Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттеріндегі серіктестермен бірлесе отырып жүргізді. Әр елде 1000 респонденттен, барлығы 7000 респонденттен сұхбат алынды.

Воркшопқа 20-дан астам негізгі қатысушы және 80-нен астам онлайн тыңдаушы қатысты. Негізгі спикерлер: Ботагоз Ракишева – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ғылыми консультанты және жобалар жөніндегі директоры және Ханс Хольцхакер – Ph.D, ОАӨЭЫ институтының бас экономисі. Воркшоптың негізгі сессиясында Ботагөз Рақышева халыққа COVID-19 вакцинациясына қатысты ОАӨЭЫ 7 елінің сауалнамаларының негізгі салыстырмалы нәтижелерін ұсынды. Ханс Холцхакер сауалнама нәтижелерінің экономикалық талдауын ұсынды.

Сонымен қатар, спикерлердің баяндамалары ұсынылған 7 елде пандемиямен және халықты COVID-19-ға вакцинациялаумен байланысты жағдайды жариялауға арналған екінші секцияда ұсынылды. Секцияның негізгі баяндамашысы - Алуа Жолдыбалина, Ph.D, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары - әлемдегі және Қазақстандағы вакцинацияның негізгі үрдістері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, екінші сессияға Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының директоры, Қырғызстанның өкілі Гүлбара Ишенапысова қатысты. Гүлбара Ишенапысова COVID-19 вакцинасын жеткізуді ұйымдастырудың және вакцинациялаудың Ұлттық жоспары, сондай-ақ Қырғызстанның COVAX механизміне қатысуы туралы ақпаратпен бөлісті. Пәкістан өкілі Ирфан Шахзад Такалви, Eurasian Century Institute негізін қалаушы Президенті Пәкістандағы пандемия жағдайы туралы айтып, Пәкістан халқының COVID-19 вакцинациясына қатынасы туралы пікірімен бөлісті. Қазақстан Республикасында COVID-19 вакцинациясын жүргізуді ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санэпидбақылау комитеті Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева егжей-тегжейлі айтып берді.

Семинардың бейне және материалдарымен ОАӨЭЫ институтының ресми сайтында танысуға болады.