Социологиялық сауалнама негізінде. Екінші басылым. Профессор Клаус Хурельман мен Пэр Тешендорфтың (Германия, Берлин) ғылыми жетекшілігімен. Алматы, 2016. – 280 б.
Монографияда 2014 жылы Өзбекстан жастарына жүргізілген әлеуметтік зерттеу аясында алынған эмпирикалық мәліметтердің жан-жақты талдауы бар. Қоғамдық пікір сауалнамасы респонденттердің елдің мемлекеттік және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын, жастардың рухани-адамгершілік жағдайын, ұлдар мен қыздардың ел ішінде де, Орталық Азия өңірінде де күн тәртібін айқындайтын бүгінгі факторларға көзқарасын бағалауды қамтиды. Жарияланым Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен дайындалды. Бұл жұмыс Өзбекстандағы қоғам өміріндегі заманауи тенденцияларға қызығушылық танытатын мамандар мен оқырмандардың кең тобына арналған. Зерттеушілердің Өзбекстан жағдайына бейімделген «Shell Youth Study» социологиялық әдіснамасын пайдалануын ескере отырып, авторлардың қорытындыларын Қазақстан (2015 ж.) және Қырғызстан (2016 ж.) жастары бойынша Ф. Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің алдыңғы жарияланымдарымен салыстыруға болады.