Басты бет
![]()
Орталық Еуразияны зерттеу қоғамының (Central Eurasian Studies Society, CESS) өңірлік конференциясы
(Re)thinking Central Eurasia: Spaces, Societies, and Power
(2026 жылғы 16–19 маусым,, Назарбаев университет)
2026 жылғы 16–19 маусым аралығында Назарбаев Университетінде (Астана, Қазақстан) CESS (Central Eurasian Studies Society) аймақтық конференциясы өтті. Конференцияның ашылу рәсімін CESS президенті, қауымдастырылған профессор және ғылыми жұмыс жөніндегі декан орынбасары Дина Шарипова, сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің профессоры Риккардо Пелиццо жүргізді.
"Quiet Power, Strategic Silence, Decolonial Diplomacy, and Transformative Resilience in Central Asia" атты негізгі баяндаманы доктор Тимур Дадабаев ұсынды. Доктор Тимур Дадабаев Жапониядағы Цукуба университетінің халықаралық қатынастар профессоры және Жапония мен Еуразияны зерттеу жөніндегі арнайы бағдарламаның директоры. Сонымен қатар, ол Швециядағы Лунд университеті жанындағы Швеция ғылыми-зерттеу кеңесінің шақырылған профессоры қызметін атқарады. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Әлемдік экономика және дипломатия университетінің халықаралық қатынастар профессоры әрі ғылыми зерттеулер мен инновациялар жөніндегі проректоры болып қызмет етеді.
Конференция аясында барлық күндері кітап көрмесі мен Living Cultural Heritage exhibition көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің кураторы – Назарбаев Университетінің антропология және әлеуметтану профессоры Снежана Атанова. Көрмеде оның жеке коллекциясынан алынған бірқатар ерекше экспонаттар ұсынылды.
Кешкі банкет музыкалық концертпен жалғасты. Концерт барысында доктор Мерей Отан және Назарбаев Университетінің оркестрі өнер көрсетті.
Конференция аясында әртүрлі елдерден шамамен 400 қатысушы қатысты. 100-ден астам панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер және кітап таныстырылымдары өткізілді. Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі ұйымдастыру үшін, ал қатысушыларға мазмұнды баяндамалары үшін алғыс білдіреміз!
Конференцияға Институттың ғылыми қызметкерлері қатысты: Ботагөз Ракишева – директор, Қаламқас Есімова – бас ғылыми қызметкер, Аружан Көміртай – кіші ғылыми қызметкер, Eliott Barrois – Институттың зерттеуші-тағылымгері, École des Hautes Études en Sciences Sociales магистранты (Франция).
Конференция аясында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «Қазақ / қазақстандық диаспора: бейімделу стратегиялары, бірегейлік және жаңа үрдістер» атты панель ұйымдастырды. Панель қатысушылары қатарында қазақ диаспорасын зерттеуші танымал ғалым, профессор Peter Finke (Швейцария) болды. Модератор: Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан) Талқылаушы: Санчел Ким, Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Ханкук шетел тілдері университеті жанындағы Орталық Азияны зерттеу институты. Панель спикерлері: Гульнаш Асхат, Ляззат Айтымбет (Тұран университеті). Баяндама: АҚШ-тағы қазақ диаспорасы: ұлттық бірегейлікті жоғалту қаупі. Анар Сомонжоглу (Түркия, Анкара қаласындағы Хаджеттепе университеті). Баяндама: Түрік диаспорасының саясаты және Еуропадағы қазақтар. Қаламқас Есімова (Astana IT University, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты), Айнұр Ибраева, Аружан Көміртай («Қоғамдық пікір» зерттеу институты). Баяндама: Қазақ/қазақстандық диаспораның қалыптасуындағы жаңа үрдістер. Бейбітгүл Хаумен (Моңғолия). Баяндама: Моңғолиядағы қазақ болмысы: күнделікті ұлтшылдық және тиесілік саясаты.
Толығырақ: https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/central-eurasian-studies-society-cess
https://www.isa-sociology.org/isa-events/xxi-world-congress-of-sociology
https://wapor.org/events/annual-conference/
4 бет. Барлығы: 4
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- Алға
- Аяқ жағына