ЕРЕСЕКТЕРДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒАЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Programme for the International Assessment of Adult Competences) (2016-2017 жж)
PIAAC - бұл еңбекке қабілетті ересек халықтың негізгі дағдылары мен құзыреттерін бағалауға және салыстыруға бағытталған бірегей халықаралық жоба. Бағдарламаны экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді және құрамына білім беру саласындағы жетекші халықаралық ұйымдар (Westat, cApStAn, ROA, GESIS, DIPF, IEA) кіретін консорциум іске асырады. Ересектердің дағдыларын бағалау әлемде 1995 жылдан бері жүргізіліп келеді. PIAAC бағдарламасы әлемнің 24 елінде жүзеге асырылды, оның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Оңтүстік Корея, Канада, Финляндия, Франция, Германия, Жапония, Нидерланды, Ресей және т.б. PIAAC жобасын экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) үйлестіреді. Қазақстандағы PIAAC Ұлттық үйлестірушісі ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.
2016 жылы Қазақстан алғаш рет PIAAC бағдарламасына қатысты. Құралнамаларды сынау үшін 2016 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институты апробациялық зерттеу жүргізді (16-65 жас аралығындағы 1765 респондент, сауалнама ноутбуктерде жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат).
2017 жылы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының негізгі зерттеу бөлігі жүргізілді (16-65 жас аралығындағы 1720 респондент, сауалнама ноутбуктерде жүргізілді, сұхбаттың орташа ұзақтығы 3 сағат). 2019 жылы ЭЫДҰ зерттеу қорытындысы бойынша Салыстырмалы елдік есепті таныстырды (PIAAC international report).
ESCAS-2023
2023 жылғы 21-24 қыркүйекте Алматы қ. (Қазақстан) European Society for Central Asian Studies (ESCAS) “Power, people and cultural change in an ever-evolving Central Asia” өңірлік конференциясы өтті. Конференцияны KIMEP, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Неміс университеті бірлесіп ұйымдастырды.
2023 жылдың 21 қыркүйегінде KIMEP-те Pre-conference workshops өткізілді.
2023 жылдың 22-23 қыркүйегінде конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.
2023 жылғы 24 қыркүйекте конференция Қазақстан-Германия университетінде өтті.
European Society for Central Asian Studies (ESCAS) сайты - http://www.escas.org/
2023 жылғы 22 қыркүйек – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 10 жылдығын мерекелеу аясында «Әлем елдеріндегі Орталық Азия көші-қоны: бірегейлік, бейімделу, интеграция»/Central Asian Migration in the Countries of the World: Identity, Adaptation, Integration панелін өткізді.
Төрайым: Др. Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Казахстан)
Пікір таластырушылар: Др. проф. Герман Ким, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азиялық зерттеулер институты (Алматы, Казахстан), Др. Лейла Деловарова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Казахстан)
Қатысушылар:
1. Др. Ким Санчел, Ханкук Шет тілдері университетінің Орталық Азияны зерттеу институты (Сеул, Оңтүстік Корея),
Тақырып: The Comparative Analysis on Labor Migrations and its Correlations to the Domestic Economic Development: Focused on Uzbekistani and Mongolian Cases
2. Лаура Мустафина, экономика магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Алматы, Казахстан).
Тақырып: Migration from Central Asia to South Korea: an adaptation strategy
3. Гүлден Ашкенова, әлеуметтану магистрі, Әсел Айжанова, халықаралық қатынастар магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Казахстан).
Тақырып: АҚШ-тағы Орталық Азия диаспоралары
4. Қаламқас Есимова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Казахстан).
Тақырып: Орталық Азия елдерінен Оңтүстік Кореяға оқу көші-қоны
5. Айнұр Мажитова, әлеуметтану магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Казахстан)
Тақырып: Түркиядағы қазақ диаспорасы: жаңа толқын 2020-2023
2023 жылғы 24 қыркүйек – «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 10 жылдығын мерекелеу аясында «WVS / WAPOR: ХХІ ғасырдағы Орталық Азия қоғамдарының құндылықтарының өзгеруі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына WVS халықаралық командаларының Ұлттық өкілдері мен мүшелері, Wapor Ұлттық өкілдері мен мүшелері, құндылықтарды, сәйкестікті, қоғамдық процестерді зерттеу саласындағы зерттеушілер қатысты.
Дөңгелек үстел Дүниежүзілік пікір зерттеушілер қауымдастығының (WAPOR) және World Values Survey Хатшылығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Төрайым: Др. Ботагөз Ракишева, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Қазақстандағы Дүниежүзілік қоғамдық пікірді зерттеушілер қауымдастығының (WAPOR) Ұлттық өкілі (2021-2023), Қазақстандағы World Values Survey-7 жобасының (Астана, Қазақстан)
Дөңгелек үстелге қатысушылар:
1. Др. Ксения Кизилова, Дүниежүзілік қоғамдық пікірді зерттеу қауымдастығының (WAPOR) атқарушы директоры, Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу қауымдастығы хатшылығының басшысы (WVSA).
Тақырып: Құндылықтардың өзгеруі: World Values Survey мәдени картасындағы Орталық Азия
2. Др. Комилжон Каланов, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Республикасы Ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры (Ташкент, Өзбекстан)
Тақырып: Ақпараттық қоғамның қазіргі мәдени шындықтарындағы жастардың құндылық бағдарлары
3. Др. Цэвээн Цэцэнбилэг, Моңғол ғылым академиясы (МҒА) Философия институтының әлеуметтану бөлімінің бас ғылыми қызметкері, «Operative» зерттеу орталығының президенті. Дүниежүзілік қоғамдық пікірді зерттеушілер Қауымдастығының (Wapor) Моңғолиядағы Ұлттық өкілі (2021-2023), Моңғолиядағы World Values Survey-7 жобасының жетекшісі (Ұлан-Батор, Моңғолия).
Тақырып: Моңғолдардың дәстүрлі және заманауи құндылықтары
4. Др. Джамангулов Кайратбек, ҚР ҰҒА Философия, құқық және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының Әлеуметтік зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері (Бішкек, Қырғызстан).
Тақырып: Қырғыз Республикасы халқының діни құндылықтарының өзгерістері мен векторы (әлеуметтанулық аспект)
5. Др. Айгүл Садвокасова, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
Айнұр Мажитова, әлеуметтану магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты (Астана, Қазақстан)
Тақырып: Көп этностық қоғамның құндылықтары: Қазақстан тәжірибесі
Түркібарометр
«Түркібарометр» – Халықаралық Түркі академиясының (https://twesco.org/) тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» (https://opinions.kz/en/) ғылыми-зерттеу институты тұрақты түрде 2017-2022 жылдар аралығында түркітілдес елдер – Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстанға қатысты қоғамдық пікірді зерттеу үшін жүргізетін еларалық әлеуметтанулық зерттеу.
Түркітілдес әлем елдері тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу – түркітілдес кеңістікте болып жатқан белгілі бір процестерге азаматтардың көзқарасын түсіну, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастық пен коммуникация формаларын жандандыру бағыттарын іздеу үшін маңызды қадам.
Бірінші сауалнама 2017 жылдың қыркүйек-қараша айларында түркітілдес алты елдің астаналары: Баку, Астана, Бішкек, Ашхабад, Анкара, Ташкентте өткізілді. Сауалнамаға 18 жасқа толған елорда тұрғындары қатысты. Әр елде 500 респондентке сауалнама жүргізді. Респонденттердің жалпы саны 3000 адамнан құралады.
Екінші ұлттық сауалнама 2018 жылдың шілде-тамыз айларында бес түркітілдес ел: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанда жүргізілді. Сауалнама репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді, әр елде 1000 респонденттен сұхбат алынды. Респонденттердің жалпы саны 5084 респонденттен құралады.
Көп жағдайда респонденттер кездейсоқ таңдалады. Стандартты сауалнамалар жобаға қатысушы барлық елдерде жеке сұхбат форматында жүргізіледі. Түркібарометр жобасының зерттеу түріне немесе тақырыбына байланысты әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады.
2018 жылғы зерттеу нәтижелері 2018 жылдың қыркүйегінде Шолпан-Атада (Қырғызстан) өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының VI саммитінде түркітілдес елдер президенттерінің назарына ұсынылды.
Үшінші сауалнама Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанда 2022 жылы сарапшылық сауалнама форматында түркітілдес елдердің сарапшылар қауымдастығының заманауи өзекті мәселелер бойынша пікірлерін зерделеу мақсатында өткізілді. Сарапшылар құрамы құндылықтарды, бірегейлікті, мемлекеттік басқаруды, ұлттық тарих пен мәдениетті, халықаралық қатынастарды және т.б. зерттеу саласындағы бірқатар ғалым, зерттеуші, практиктерден құралған. Іріктеме - әр елде 25 сарапшы. Бес елдегі жалпы іріктеу 125 сарапшыдан құралады.
Зерттеуді жобаға қатысушы бес елдің халықаралық зерттеушілер тобы жүргізді.
Ғылыми жобаның бірқатар нәтижелері мақалаларда жарияланды.
Türk Barometresi - 9/01/2024. Yeni Şafak https://www.yenisafak.com/dusunce-gunlugu/turk-barometresi-4592968
Тюркский барометр (Turkbarometer) держит руку на пульсе тюркского мира - 29/12/2023. Yeni Şafak https://www.yenisafak.com/ru/columns/ainur-nogayeva/15302
ЛОНГИТЮДТІ ЗЕРТТЕУ
Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы реформалардың макроэкономикалық салдары
2018 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Институт «Қазақстанның денсаулық сақтау секторындағы реформалардың макроэкономикалық салдары» атты лонгитюдті зерттеу жүргізді, оның мақсаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетті медициналық сақтандыруға (МӘМС) көшу жөніндегі енгізіліп отырған саясатын бағалау болып табылады. Жоба аясында міндетті медициналық сақтандыруға көшуге қатысты мақсатты топтардың үміттері зерделенді.
2018 жылы мақсатты топтарға (тұрғындар, дәрігерлер, медициналық мекемелердің басшылығы, ШОБ) face-to-face форматында сауалнама жүргізу әдісімен сұрақтар қойылған болатын. Жалпы іріктеме 4400 респонденттен құралады. Сауалнама Қазақстанның 14 облысында және Астана, Алматы қалаларында жүргізілді.
2019 және 2020 жылдары түрлі мамандық иелері қатарынан 500 дәрігер респондентке (педиатр, терапевт, хирургт және т.б.) қайталап сауалнама жүргізілді. Сауалнама Қазақстанның 14 облысында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізілді. 2021 жылы «халық» санатына кіретін барлығы 650 респондентке қайталап сауалнама жүргізілді.
Лонгитюдті зерттеу нәтижелері толығымен ашық және қолжетімді. Зерттеу нәтижелерін алу үшін Институттың бас кеңсесіне хабарласыңыз. e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. , тел.: +7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26
Шетел қазақтарын зерттеу бойынша әлеуметтік экспедициялар
2011 жылдан бастап «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Тілдерді дамыту жөніндегі комитеттің тапсырысы бойынша шет елдерде тұратын қазақтардың тіршілік әрекетінің түрлі аспектілерін зерделеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Жоба басталған сәттен бастап 9 зерттеу жүргізілді: Моңғолияда (2011 жыл), Қытайда (2012 жыл), Өзбекстанда (2013 жыл), Ресейде – 2014 жылы Алтай Республикасында және Алтай өлкесінде, 2015 жылы Омбы және Новосібір облыстарында, 2016 жылы Орынбор облысында, 2017 жылы Астрахань облысында, 2018 жылы Саратов және Волгоград облыстарында, 2019 жылы Қырғыз Республикасында. Зерттеу әдіснамасына этникалық қазақтарға сауалнама, тереңдетілген және нарративтік сұхбаттар жүргізе отырып, әлеуметтік экспедициялар, сондай-ақ фото және бейне банктердің жинақтарын қамтиды.
2019 жыл – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің тапсырысы бойынша шетелде – Қырғыз Республикасында тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу.
Әлеуметтік зерттеу Ыстықкөл, Шу облыстарында, Бішкек қаласында және Сокулук ауданында жүргізілді.
200 респонденттен сұхбат алынды, 50 тереңдетілген және нарративтік сұхбаттар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу (Қырғыз Республикасы)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова, А. Урпекова, Д. Бурина, А. Манапов.
2018 жыл – ҚР Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша шетелде - Ресей Федерациясының Саратов және Волгоград облыстарында тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу.
Әлеуметтік зерттеу Саратов және Волгоград облыстарында жүргізілді.
400 респонденттен сұхбат алынды, 50 тереңдетілген және нарративтік сұхбаттар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде (Ресей Федерациясының Саратов және Волгоград облыстары) тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова, К. Есимова, Г. Ашкенова, А. Айжанова, А. Урпекова.
2017 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша шетелде – Ресей Федерациясының Астрахань облысында тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу.
Әлеуметтік зерттеу Астрахан облысында жүргізілді.
411 респонденттен сұхбат алынды, 50 тереңдетілген және нарративтік сұхбаттар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу (Ресей Федерациясының Астрахан облысы)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова, К. Есимова, Г. Ашкенова, А. Урпекова.
2016 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша шетелде – Ресей Федерациясының Орынбор облысында тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу.
Әлеуметтік зерттеу Орынбор облысында жүргізілді.
400 респонденттен сұхбат алынды, 50 тереңдетілген және нарративтік сұхбаттар өткізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу (Ресей Федерациясының Орынбор облысы)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова, Ж. Искиндирова, А. Баймурзинова.
2015 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша шетелде – Ресей Федерациясының Новосібір және Омбы облыстарында тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізу.
Әлеуметтік зерттеу Омбы және Новосібір облыстарында жүргізілді.
203 респонденттен сұхбат алынды, 50 тереңдетілген және нарративтік сұхбат жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде тұратын отандастар (Ресей Федерациясының Новосібір және Омбы облыстары) мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова, Г. Ашкенова, Ж. Искиндирова.
2014 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша шетелде – Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу.
Әлеуметтік зерттеу Алтай өлкесінде және Алтай Республикасында жүргізілді.
Сауалнамаға этникалық қазақтар қатарынан 200 респондент қатысып, 50 тереңдетілген сұхбат жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу (Ресей Федерациясының Алтай өлкесі)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, А. Мажитова.
2013 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Өзбекстанда тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай» әлеуметтік зерттеуі.
Әлеуметтік зерттеу Ташкент қаласында, Ташкент облысында, Қоқан, Ферғана, Әндіжан, Нүкісте жүргізілді.
Сауалнамаға этникалық қазақтар қатарынан 300 респондент қатысып, 50 тереңдетілген сұхбат жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Өзбекстанда тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай (кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: Б. Ракишева, Д. Қосназаров, А. Мажитова.
.
2012 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қытайда (ШҰАА) тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай» әлеуметтік зерттеуі.
Әлеуметтік зерттеу Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (Қытай) жүргізілді.
Сауалнамаға этникалық қазақтар қатарынан 104 респондент қатысып, 30 тереңдетілген сұхбат жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Қытайда (ШҰАА) тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай (кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: А. Садвокасова, Б. Ракишева, А. Мажитова.
.
2011 жыл – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Моңғолияда тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай» әлеуметтік зерттеуі.
Әлеуметтік зерттеу Баян-Өлгей аймағында жүргізілді.
Сауалнамаға этникалық қазақтар қатарынан 300 респондент қатысып, 50 тереңдетілген сұхбат жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде: «Моңғолияда тұратын этникалық қазақтар арасындағы тілдік жағдай (кешенді әлеуметтік зерттеу нәтижелері)» кітабы дайындалды.
Жұмыс тобы: А. Садвокасова, Б. Ракишева, А. Мажитова.
АВТОРЛЫҚ ЖОБА
ИНСТИТУТТЫҢ «ЕЛ ИМИДЖІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АВТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ
Институттың ғылыми қызметкерлері Қазақстанда тіркелген әртүрлі елдердің елшіліктері мен консулдықтары үшін социологиялық зерттеу жүргізу әдіснамасын әзірледі.
Зерттеу мақсаты: Қазақстан тұрғындарының көзімен шет елдердің имиджін зерделеу.
Осы жоба аясында бірқатар елшіліктер мен өкілдіктермен бірлескен социологиялық зерттеулер жүргізілді:
- Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен;
- Болгария Елшілігі жанындағы сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі қызметімен;
- Қазақстан Республикасындағы Чили Елшілігімен;
- Қазақстан Республикасындағы Украина Елшілігімен;
- Қазақстан Республикасындағы Франция Елшілігімен;
- Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мәдени өкілдігімен.
Сауалнама нәтижелері
Экзит пол каз
Респонденттердің 60%-дан артық бөлігі Мәжілістің сайланған құрамына қанағаттанады
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты а.ж. 6-15 мамыр аралығында әлеуметтанулық сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында 61,2% респондент 2023 жылғы парламенттік сайлауға қатысқанын айтты.
Жалпы, 60,9% респондент ҚР Парламенті Мәжілісінің сайланған құрамына қанағаттанады. Бұл қанағаттанатын (42,7%) және дәлірегі, қанағаттанатын (18,2%) респонденттердің жиынтық үлесі.
Респонденттер қанағаттанатын негізгі факторлар: өздері дауыс берген партияның мәжіліске өтуі; Парламенттегі барлық әлеуметтік топтардың мүдделерінің ұсынылуы; сайланған депутаттардың халық арасында танымалдығы; өзін-өзі ұсынған депутаттардың болуы; Мәжілістегі партиялар санының екі есе артуы; сайланған депутаттар арасында беделді және танымал тұлғалардың болуы, сондай-ақ депутаттық корпус құрамында әйелдер, жастар және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың болуы.
Сауалнамаға сәйкес, қоғамда көппартиялы Парламентке тұрақты түрде жоғары сұраныс бар. 59,9% респондент жоғары заң шығарушы органның құрылымында партиялық плюрализм болғанын қолдайды. Бұл ретте, респонденттердің үштен бірі бөлігі бір партиялы Парламент идеясын қолдайды (31,5%).
Партиялық белсенділік рейтингі де назар аударуға тұрарлық. Респонденттер сайлаудан кейінгі кезеңде «Amanat» (55,7%), «Ауыл» (12,8%), «Ақ жол» (12,0%), «Respublica» (8,5%) партияларының жұмысы барынша байқалатынын атап өтті. Қалған партиялардың (ҰКП, ЖСДП, «Байтақ») жұмысын респонденттердің 5%-дан аз бөлігі (көбінесе мегаполистердің тұрғындары) атап өтті.
Үкіметтің жұмысын бағалай отырып, респонденттердің шамамен үштен екісі (63,8%) жаңа министрлер кабинеті алдағы жыл ішінде халықтың нақты жағдайын жақсартады деп санайды. Бұл үкімет жақын арада азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарта алады (33,3%) және дәлірегі, жақсарта алады (30,5%) деп жауап бергендердің жиынтық үлесі.
Әлеуметтік зерттеуді «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ағымдағы жылдың 6 - 15 мамыры аралығында жүргізді. Іріктеме репрезентативті, 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондентке сауалнама жүргізілді. Зерттеуде face-to-face сұхбат әдісі қолданылды. Маршруттық іріктеме жасалды.
Қателік ± 2,8% шегінде.
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты а.ж. 25-28 қаңтарында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға сәйкес, 2023 жылғы 19 наурыздағы парламенттік сайлауға қатысудың ықтимал деңгейі 53,3% құрады. Бұл нақты дауыс беретін (39,0%) және дәлірегі, дауыс беретін (14,3%) респонденттердің жалпы үлесі. Сайлауға қатысудың бұл деңгейі жынысына, жасына және материалдық жағдайына қарамастан барлық топтарда бірдей. Респонденттерге «Егер алдағы жексенбіде парламенттік сайлау болса, Сіз оған қатысар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.
Жиынтығында 34,6% респондент дәлірегі, дауыс бермейді (11,5%) және дауыс бермейді (23,1%). Шешім қабылдамағандар үлесі – 12,1%.
Кезектен тыс парламенттік сайлауда дауыс беретін 48,6% респондент AMANAT партиясының кандидаттарын қолдауға ниетті. Сауалнама деректері бойынша бүгінгі таңда 5% шегін «Ауыл» (6,2%), «Ақжол» (5,4%) партиялары еңсере алады.
Басқа партиялар сайлаушылардың қолдауын алуға тиіс: ҚХП (4,8%), «Respublica» (3,6%), ЖСДП (3,2%), «Байтақ» (2,8%). «Барлығына қарсы» дауыс беруге дайын респонденттер үлесі 2,6% болды. Респонденттердің 1/5 бөлігі (22,8%) партиялық қалауын анықтаған жоқ.
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді қолдайды: төменгі палатада бес және одан да көп партияның болуын – 27,8%, төрт партия – 6,6%, үш партия – 16,8%, екі партия – 12,0% респондент қолдады.
Телефондық сауалнама әдісімен әлеуметтанулық зерттеуді «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ағымдағы жылдың 25-28 қаңтары аралығында Институттың жеке қаражатына жүргізді. Іріктемеге 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 1200 респондент кірді.
Іріктеме қателігі ± 2,8% шегінде.
Сауалнама ОСК 24 қантар 2023 ж. № ОСК-08-18/103И хабарламасына сәйкес ОСК ресми рұқсаты бойынша жүргізілді.
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумда өткізілген экзитпол әдістемесі
2022 жылғы 5 маусымда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты «31 арна» ТРК тапсырысы бойынша экзитпол – республикалық референдумға қатысушылар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Респонденттерге сауалнама таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлау учаскелерінен шығу кезінде жүргізілді. Экзитпол Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, сондай-ақ облыс орталықтарын, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтыды.
Республикалық референдумға қатысушыларға сауалнама стандартты халықаралық әдістеме бойынша, сұхбат форматында (face-to-face) жүргізілді. Респонденттерге бір ғана сұрақ қойылды: «Өтінемін, айтыңызшы, Сіз Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?»..
Институт командасы өткізген 2022 жылғы экзитпол саны бойынша жетінші болды. Уақытпен тексерілген әдістемені пайдалану электоралды көңіл-күйдегі өзгерістерді бақылауға және әртүрлі жылдардағы зерттеу нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Әрбір сауалнама алдында интервьюерлер, супервайзерлер және команданың басқа да мүшелері арнайы даярлаудан өтті.
Институт командасы 2021 жылғы 10 қаңтардағы парламенттік сайлауда қолданылған әдістеме бойынша 600 сайлау учаскесінде 24 000 респондентті іріктеме конфигурациясын сақтай отырып, республикалық референдумда экзитпол өткізу туралы шешім қабылдады. Зерттеудің іріктемелі жиынтығы бас жиынтықтан, яғни 18 жастан асқан сайлаушылар - ел азаматтарының санына қарай есептеледі.
2022 жылы экзитпол өткізу үшін осыған дейін мұндай сауалнама жүргізілмеген сайлау учаскелері іріктелді.
Респонденттердің жалпы санына қарай әрбір экзитполда сауалнамаға қатысушылар жеке учаскеде іріктелетін аралық есептеледі.
Күні бойы сауалнама нәтижелері деректерді өңдеу жүргізілетін орталық кеңсеге жіберіледі.
Экзитполдар күрделі деңгейдегі әлеуметтік зерттеулерге жатады, онда сыналған әдістеме бір күнде үлкен іріктеме көлемімен нәтижелі сауалнама жүргізудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
2022 ЖЫЛҒЫ 5 МАУСЫМДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМДА ӨТКІЗІЛГЕН ЭКЗИТПОЛ НӘТИЖЕЛЕРІ
(Сауалнама қателігі 2 пайыз шегінде)
Дереккөз: https://31.kz/ru/info/
"31" телеарна "Қоғамдық пікір" институтына Экзит-пол өткізуге тапсырыс берді.
2022 жылғы 5 маусымда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты экзитпол – республикалық референдумға қатысушыларға әлеуметтік зерттеу сауалнамасын жүргізеді.
Респонденттерге сауалнама сайлау учаскелерінен шығу кезінде жүргізіледі. Экзитпол Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.
Республикалық референдумға қатысушы сайлаушыларға сауалнама жүргізу exitpoll стандартты халықаралық әдістемесі бойынша face-to-face сұхбат форматында жүргізіледі. Респонденттерге мынадай бір ғана сұрақ қойылатын болады: «Өтінемін, айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді ҚОЛДАДЫҢЫЗ БА, әлде ҚАРСЫ дауыс бердіңіз бе?».
Экзитпол «31 арна» ТРК тапсырысы бойынша өткізіледі. Бұған дейін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 2016 және 2021 жылдары парламенттік сайлауда экзитпол өткізген болатын. Экзитпол нәтижелері, әдеттегідей, 2022 жылғы 6 маусымда түн ортасынан кейін қалың аудиторияға жарияланатын болады.
Опубликованы результаты exit poll по выборам в Мажилис
Озвучены результаты exit poll, проведенного 10 января по заказу zakon.kz.
Опрос проводился на 600 участках. Опросом охвачены города Нур-Султан, Алматы, Шымкент, все областные центры и др.
В течение дня было проведено четыре волны опросов. Было опрошено 24 тысячи избирателя. В проведении опроса было задействовано более 600 интервьюеров, - сообщила на брифинге в СЦК директор Исследовательского института "Қоғамдық пікір" Айнур Мажитова.
Респондентам задавался один вопрос: "За какую партию вы проголосовали на парламентских выборах?".
По результатам exit poll:
Народная партия Казахстана - 9,03%.
Партия Nur Otan - 71,97%.
Народно-демократическая партия "Ауыл" - 5,75%.
Демократическая партия Казахстана "Ак жол" - 10,18%.
Политическая партия "Адал" - 3,07%.
Стоит отметить, что эти результаты - предварительные. Окончательные итоги выборов Центральная избирательная комиссия подведет в течение семи дней - до 17 января 2021 года.
Источник: https://www.zakon.kz/5053685-opublikovany-rezultaty-exit-poll-po.html
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты партиялық рейтингілердің кезекті бөлімін ұсынады. Сауалнама Институттың жеке қаражатына 2020 жылдың қазан айында сұхбат түрінде (face-to-face) жүргізілді, репрезентативтік іріктеу бойынша 1200 респондент алынды, қателік +/- 2,82% құрады.
«Егер сайлау келесі жексенбіде өткізілсе, онда сіз қандай саяси партияға дауыс бересіз?» деген сұраққа басым көпшілігі, яғни 72,1% респондент Nur Otan партиясына дауыс беретінін айтты. Басқа партиялардың рейтингілері - Ақ жол - 5,1 %; ҚКХП (Халық партиясы) – 2,9%; Ауыл – 2,7%; ЖСДП – 2,3%; Бірлік (Адал) – 1,9% болды. 13,0% респондент үшін таңдау жасау қиынға соқты.
Электоралдық сауалнамаларда негізгі мәселелердің бірі - сайлаушылардың қалай дауыс беретіні ғана емес, олардың сайлау учаскелеріне баруы/бармауы болды. Өйткені, ауа-райынан бастап әл-ауқат деңгейіне дейін көптеген кездейсоқ факторлар әсер етуі мүмкін.
Сайлаушының сайлау учаскесіне жетуге күш-жігер табуына не кедергі болатынын анықтау әлеуметтанушылар үшін маңызды міндет болып табылмайды. Оқулықтарда сипатталған классикалық мысал – американдық полстерлер (қоғамдық пікірді зерттейтін мамандар) қолданатын қатысуды болжау моделі – Джордж Гэллап жарты ғасыр бұрын ұсынған ықтималды сайлаушы моделі, оның көмегімен Дж. Гэллап 1936 жылы Президенттікке үміткерлердің бірі – Ф. Рузвельттің нәтижесін дәл болжады. Содан бері модель жаңартылды, бірақ оны құрудың жалпы принциптері өзгеріссіз қалды. Модель респонденттің сайлауға қатысу немесе қатыспау ниеті туралы сұрақтардың нақты жиынтығына негізделген. Сауалнаманың болжамды блогының сұрақтары ондаған жылдар бойы нақтыланды. Әдеттегі жиынға дауыс беру ниеті туралы сұрақтан басқа, респондент сайлау туралы ойлайды ма, оның сайлау учаскесі қайда екенін біледі ме, оның өзі қаншалықты жиі дауыс береді, соңғы сайлауда дауыс берді ме, жоқ па деген сияқты басқа да сұрақтар кіреді. Сонымен қатар, Дж. Гэллап моделі, қоғамдық пікірді зерттеу саласында аты жоғары беделге ие болса да, үнемі перманенттік сынға ұшырап отырады. Бұл сынның мәні модель тұрақты нәтиже бермеуі - сандар сауалнамалармен бірге өзгереді және кейде күрт құбылып отырады. Мұны түсіндіретін болжамдардың бірі – сайлау көңіл-күйі өте турбулентті, яғни барлық сайлаушылар өздерінің ниеттері мен саяси қалауларын алдын-ала нақты айта алмайды.
Біз өз сауалнамаларымызда «Егер келесі жексенбіде парламенттік сайлау өткізілетін болса, сіз дауыс беруге барасыз ба?» деген сұрақ арқылы әлеуетті қатысуды өлшейміз. Жауап нұсқалары үшін бес сатылы шкаланы қолданамыз – «Иә», «Дәлірегі, иә», «Дәлірегі, жоқ», «Жоқ», «Жауап беруге қиналамын». Қазан айында жүргізілген өлшеу нәтижелеріне сәйкес, сайлаушылардың бару ықтималдығы 66,7%-ды құрайды, респонденттердің бұл бөлігі дауыс беруге қатысу ниеті туралы сұраққа оң жауап берді. 15,4% респондент - абсентеистер деп аталады, жауаптары бойынша, олар парламенттік сайлауда дауыс беруге қатыспайды. Қалғандары бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ.
Айнур Мажитова, «Қоғамдық пікір» зерттеу
институтының директоры,
әлеуметтік ғылымдар магистрі
Исследовательский институт «Қоғамдық пікір» («Общественное мнение») представляет очередной срез партийных рейтингов. Опрос проводился на собственные средства Института в октябре 2020 года в виде интервью (face-to-face), 1200 респондентов, по репрезентативной выборке, погрешность составила +/- 2,82%.
На вопрос: «Если бы выборы состоялись в ближайшее воскресенье, тогда за какую политическую партию вы бы проголосовали?» Подавляющее большинство – 72,1% отдали бы свой голос за партию Nur Otan. Рейтинги других партий – Ак жол – 5,1%; КНПК (Халық партиясы) – 2,9 %; Ауыл – 2,7%; ОСДП – 2,3%; Бiрлiк (Адал) – 1,9%. Затруднились с выбором 13,0% респондентов.
В электоральных опросах одним из ключевых вопросов является не только то, как проголосуют избиратели, а о том придут ли они на избирательные участки. Ведь на явку влияет много совершенно случайных факторов, вплоть до погоды и самочувствия.
Определить, что помешает избирателю найти в себе силы дойти до избирательного участка – задача для социологов нетривиальная. Классический пример, который описан в учебниках – модель прогнозирования явки, используемая американскими полстерами (специалистами, изучающими общественное мнение) – модель вероятного избирателя, предложенная Джорджем Гэллапом полвека назад – с её помощью Дж. Гэллап в 1936 году точно предсказал результат одного из кандидатов в Президенты страны – Ф. Рузвельта. С тех пор модель модернизировалась, но общие принципы её построения остались прежними. В основе модели лежит чёткий набор вопросов о намерении респондента участвовать или не участвовать в выборах. Формулировки вопросов прогнозного блока анкеты отточены десятилетиями. Обычный набор включает в себя, помимо вопроса о намерении голосовать, вопросы о том, думает ли респондент о выборах, знает ли он где находится его избирательный участок, как часто он сам принимает участие в голосовании, голосовал или не голосовал ли он на последних выборах и другие. Вместе с тем модель Дж. Гэллапа, несмотря на высокий авторитет его имени в области проведения опросов общественного мнения, также подвергается перманентной критике. Суть этой критики заключается в том, что модель не даёт устойчивых результатов – цифры меняются вместе с опросными данными и порой скачкообразно. Одно из предположений, которое это объясняет, состоит в том, что электоральные настроения достаточно турбулентны – не все избиратели могут заранее с точностью озвучить свои намерения и политические предпочтения.
Мы в своих опросах замеряем потенциальную явку с помощью вопроса «Если бы в ближайшее воскресенье состоялись парламентские выборы, пошли бы вы голосовать?». Для вариантов ответов используем пятиступенчатую шкалу – «Да», «Скорее да», «Скорее нет», «Нет», «Затрудняюсь ответить». Согласно результатам замера, также проведенного в октябре, потенциальная явка избирателей составляет 66,7%, именно столько респондентов ответили утвердительно на вопрос о своем намерении принять участие в голосовании. 15,4% - респондентов это так называемые абсентеисты, те, кто по их ответам не примут участие в голосовании на парламентских выборах. Остальные пока не определись в данном вопросе.
Мажитова Айнур, директор Исследовательского института
«Қоғамдық пікір» («Общественное мнение»),
магистр социальных наук
12.11.2020 г.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ЗЕРТТЕУ
«Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» (WVS) - қоғамның мәдени және құндылық бағдарларын зерттейтін халықаралық жоба. Зерттеуді американдық әлеуметтанушы Рональд Инглхарт бастаған және 1981 жылдан бері жүргізіп келеді. 1981 жылдан 2021 жылға дейін 90-нан астам елде 7 зерттеу толқыны жүргізілді.
Зерттеудің негізгі мақсаты - адамдардың дүниетанымындағы өзгерістерді, олардың құндылық бағдарларын және өмірдің әртүрлі аспектілеріне қатынасын зерттеу. Зерттеуде стандартталған сауалнама қолданылады, оның сұрақтары көптеген тақырыптарды қамтиды, соның ішінде мемлекеттік басқару, гендерлік теңдік, дін, қоғамның әртүрлі топтары мен қоғамдық институттарға деген сенім, жеке қауіпсіздік мәселелері және т.б.
«Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу» қауымдастығы зерттеу жүргізу мен нәтижелерді талдауда директивалық функцияны орындайтын ұйым болып табылады. Ұйымның Штаб-пәтері Венада (Аустрия) орналасқан. 2013 жылдан бастап қауымдастық президенті профессор Кристиан Херпфер, Хатшылықтың басшысы - др. Ксения Кизилова болып табылады.
Әр толқынның зерттеу нәтижелері Дүниежүзілік құндылықтарды зерттеу қауымдастығының ресми сайтында жарияланады (The World Values Survey Association, WVSA).
2017 жылдан бастап WVS жетінші толқыны басталды, онда 2018 жылдан бастап «Қоғамдық пікір» зерттеу институты Қазақстанның өкілі болып табылады. Қазіргі уақытта WVS-7 79 елде өткізілді, WVSA сайтында алғашқы құрама мәліметтер базасы жарияланды. Қалған елдерде зерттеудің жетінші толқыны 2021 жылғы желтоқсанда аяқталады деп жоспарлануда.
2018 жылдан бастап институттың жобалар жөніндегі директоры, ә.ғ.к. Ботагөз Ракишева Қазақстандағы WVS-7 бас зерттеушісі болып табылады.
Нәтижелермен «Әлемдік құндылықтар» зерттеу қауымдастығының (WVSA) ресми сайтында танысуға болады.
2018 жылғы 29 мамырда «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен Дүниежүзілік құндылықтарды шолу қауымдастығы (Аустрия, Вена) «Әлемдік құндылықтар» (1981-2018): мәдени өзгерістерді зерттеу тәжірибесі. Ұйымдастыру, тарих, нәтижелер» атты ғылыми семинар өткізді.
Archive of the issues of the journal "International Studies. Society. Politics. Economics"
2009
No. 1 (1) "Migration". The first issue of the journal was presented on December 25, 2009 at the International Scientific Seminar "Labor Migration: the Experience of Russia and Kazakhstan". Download
2010
No. 1 (2)"Diasporas. Home-town associations. Communities". Partners - Korean Cultural Center of the Embassy of the Republic of Korea in the Republic of Kazakhstan.Download
No. 2 (3) "Year of Germany in Kazakhstan". Partners - F. Ebert Foundation in Astana. Download
No. 3 (4) "Eurasianism, Eurasianism as a trend, Eurasianism as a thought, Eurasianism as a phenomenon." Partners - Department of Eurasian Studies, L.N. Gumilyov Eurasian National University. Download
No. 4 (5) "Combating Human Trafficking". Partners - Center for Migration Studies (Zayonchkovskaya Center, Moscow, Russia). Download
2011
No 1 (6) "Kazakh Diaspora".
No. 2 (7) "Mediation in the field of interethnic relations in the Republic of Kazakhstan". Partners - the Assembly of People of Kazakhstan, Scientific Expert Council of the APK. Download
No. 3/4 (8/9) The issue is dedicated to the 20th anniversary of Kazakh-Chinese diplomatic relations and issues of international cooperation in the Caspian Sea. Partners - Embassy of the People's Republic of China in Kazakhstan, Confucius Institute, Public Fund of Alexander Knyazev, Information Agency "InfoRos". Download
2012
No. 1 (10) "Islam as a World Religion". Partners - L.N. Gumilev Eurasian National University. Download
No. 2 (11) "Central Asia: Geopolitics and Geoeconomics". Special issue in English. Partners - Association of International Researchers (Gregory Glissen, A. Korobkov). The first special issue in English was presented at the 53rd annual Congress of the International Studies Association (ISA) in San Diego (USA). Download
No. 3 (12) "Afghanistan". Partners are the Ariana Afghan Social Center (Kazakhstan), the Aleksandr Knyazev Public Fund (Russia), the Peace and Accord Committee of the Republic of Tajikistan, the Center for the Study of Afghanistan and the Region (Tajikistan), the autonomous non-profit organization Center for Political Technologies PolitKontakt (Russia). Download
No. 4 (13) "International Cooperation in the Caspian Region". Partners - Alexander Knyazev Public Fund, InfoRos News Agency. Download
2013
No. 1-2 (14-15) "Security Issues in Central Asia".
Download
No. 3-4 (16-17) "Security Challenges in Central Asia". This is the second issue of the journal in English, specially prepared for the 55th annual Congress of the International Studies Association (ISA), which was held March 26-29, 2014 in Toronto (Canada). Download
Архив выпусков журнала "Международные исследования. Общество. Политика. Экономика"
2009 год
№ 1 (1) «Миграция». Презентация первого номера журнала состоялась 25 декабря 2009 года на Международном научном семинаре «Трудовая миграция: опыт России и Казахстана».
Скачать
2010 год
№ 1 (2) «Диаспоры. Землячества. Сообщества». Партнеры – Корейский культурный центр посольства Республики Корея в Республике Казахстан.
№ 2 (3) «Год Германии в Казахстане». Партнеры – Фонд им. Ф. Эберта в Астане.
№ 3 (4)«Евразийство, евразийство как течение, евразийство как мысль, евразийство как феномен». Партнеры – кафедра «Евразийских исследований» Евразийского национального университета им. Л.Н. Гумилева.
№ 4 (5) «Противодействие торговле людьми». Партнеры – Центр миграционных исследований (Центр Зайончковской, Москва, Россия).
Скачать
2011 год
№ 1 (6) «Казахская диаспора».
№ 2 (7) «Медиации в области межэтнических отношений в Республике Казахстан». Партнеры – Ассамблея народа Казахстана, Научно-экспертный совет АНК.
№ 3/4 (8/9) Номер посвящен 20-летию казахстанско-китайских дипломатических отношений и вопросам международного сотрудничества в акватории Каспийского моря. Партнеры – посольство Китайской Народной Республики в Казахстане, Институт Конфуция, Общественный фонд Александра Князева, Информационное агентство «ИнфоРос».
Скачать
2012 год
№ 1 (10) «Ислам как мировая религия». Партнеры – Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
№ 2 (11) «Центральная Азия: геополитика и геоэкономика». Специальный выпуск на английском языке. Партнеры – Ассоциация международных исследователей (Грегори Глиссен, Коробков А.В.). Первый специальный номер на английском языке был презентован на 53-м ежегодном Конгрессе Ассоциации международных исследований (ISA) в Сан-Диего (США).
№ 3 (12)«Афганистан». Партнеры – афганский культурный центр «Ариана» (Казахстан), Общественный фонд Александра Князева (Россия), Комитет мира и согласия Республики Таджикистан, Центр по изучению Афганистана и региона (Таджикистан), автономная некоммерческая организация «Центр политических технологий «ПолитКонтакт»» (Россия).
№ 4 (13) «Международное сотрудничество в Каспийском регионе». Партнеры – Общественный фонд Александра Князева, Информационное агентство «ИнфоРос».
Скачать
2013 год
№ 1-2 (14-15) «Проблемы безопасности в Центральной Азии»
№ 3-4 (16-17) "Security Challenges in Central Asia". Это второй номер журнала на английском языке, подготовленного специально для 55-го ежегодного Конгресса Ассоциации международных исследований (ISA), который был проведен 26-29 марта 2014 года. в г. Торонто (Канада).
1 бет. Барлығы: 3
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- Алға
- Аяқ жағына