Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz
 covidКоронавирустық пандемия (COVID-19) Екінші дүниежүзілік соғыстан бері бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа жылдам айналып, денсаулық сақтау саласында жаһандық төтенше жағдай тудырды. Адамдардың қайтыс болуы және экономикалық проблемалардың шиеленісуі бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың өміріне әсер етті. Халықты иммундаудың кең және тиімді бағдарламаларын қамтамасыз ету денсаулық пен өмірді сақтау үшін ғана емес, ОАӨЭЫ өңіріндегі экономиканы қалпына келтіру үшін де өмірлік маңызды. Вакциналарды таратудың жақсы ойластырылған әдістері мен арналары және халық үшін мұқият таңдалған ақпарат табыстылық кілті болып табылады. ОАӨЭЫ институты «Қоғамдық пікір» зерттеу институтымен (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) бірлесіп ОАӨЭЫ жеті елінде: Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Өзбекстанда COVID 19-ға қарсы вакциналауға қатысты халыққа сауалнама жүргізді.Төменде зерттеу нәтижелерімен таныстыру және орыс және ағылшын тілдеріндегі талдамалық есепке сілтеме берілген.
 
Ағылшын тіліндегі презентацияны көшіріп алу