2022 жылғы 15-17 маусым
2022 жылғы 15-17 маусым аралығында Институт директоры Г.Т. Ашкенова және директордың орынбасары А.Б. Мажитова Түркістан қаласында жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтік зерттеулер бойынша семинар-тренингте дәріскер ретінде қатысты. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты–өңірлерде дін саласындағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу сапасын арттыру. Семинарға Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан дін істері басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың дін мәселелерін зерделеу жөніндегі мамандары қатысты.
Толығырақ: https://www.instagram.com/p/Ce2cEq1Ic5F/?igshid=MDJmNzVkMjY=
2022 жылғы 16 маусымда
2022 жылғы 16 маусымда ә.ғ.к., ғылыми кеңесші, жобалар жөніндегі директор, Қазақстандағы қоғамдық пікірді зерттеудің дүниежүзілік қауымдастығының (WAPOR) ресми өкілі Б.И. Ракишева және жобалар жетекшісі, WAPOR мүшесі А.Ф.Айжанова «Еуразиялық барометр 2021: Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украинадағы әлеуметтік және саяси пікірлерді салыстырмалы зерттеу» вебинарына қатысты. Вебинарды ұйымдастырушылар: WAPOR, «Барометрдің жаһандық сауалнамалары» ұйымы (GBS), сондай-ақ GBS серіктес – «Еуразиялық барометр» командасы (EAB). Вебинар онлайн өткізілді, оған 40-тан астам тыңдаушы қатысты.
Вебинар аясында баяндамашылар 2021 жылдың қазан-қараша айларында Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Украинадағы Еуразиялық барометр сауалнамасының соңғы нәтижелерін ұсынды. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты бұл зерттеуді Қазақстанда, сондай-ақ Қырғызстанда серіктестермен бірлесіп жүзеге асырған болатын. Вебинар аясында Б.И. Ракишева интернет және ақпараттық кеңістіктегі әлеуметтік желілер контексінде Қазақстан мен Қырғызстандағы сауалнаманың кейбір нәтижелерін ұсынды.
2022 жылғы 15 маусымда
2022 жылғы 15 маусымда әдіскер-талдаушы К.С. Есімова «Мемлекеттік қызметшінің болмысы» диалогтық алаңындағы кездесуге қатысты. Іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында офлайн форматта өтті. Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшінің жаңа келбеті бойынша сарапшылармен пікір алмасу болды. Алаңды ұйымдастырушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болды.
Толығырақ: https://www.apa.kz/ru/zhanga-qazaqstandaghy-memlekettik-qyzmetshining-bolmysy-pikir-almasu-alangy/
2022 жылғы 9 маусымда
2022 жылғы 9 маусымда ғылыми кеңесші, жобалар директоры, ә.ғ.к. Ботагөз Рақышева Түркістан қаласында өткен "Integration Code 2022" Адами капитал жөніндегі халықаралық форумға қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары: Астана мемлекеттік қызмет хабы, Қазақстанның HR-менеджерлер қауымдастығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, UP және UNDP Қазақстан Даму мектебі.
Форум аясында пленарлық отырыстар, TED форматындағы баяндамалар, параллель секциялар, командалық ойындар және мастер-класс өткізілді. Форум орыс тілінде оффлайн форматта өткізілді.
Б.И. Рақышева "Қоғам және басқару. Әл-Фарабиден жаңа шындыққа дейін" панельдік сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі. Секция модераторы Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Бәйменов болды.
2022 жылғы 8-10 маусым
2022 жылғы 8-10 маусым аралығында Институт директоры Г.Т. Ашкенова және директордың орынбасары А.Б. Мажитова Нұр-Сұлтан қ. жергілікті атқарушы органдардың мамандарына арналған дін саласындағы әлеуметтік зерттеулер бойынша семинар-тренингте дәріскер ретінде қатысты. Семинар «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинардың негізгі мақсаты – өңірлерде дін саласындағы әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу сапасын арттыру. Семинарға Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы дін істері басқармалары және дін мәселелерін зерделеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары қатысты
2022 жылғы 7 маусымда
2022 жылғы 7 маусымда ғылыми кеңесші, жоба жетекшісі, ә.ғ.к. Ботагөз Рақышева «Өзгермелі әлемдегі мемлекеттік саясат және тиімді басқару» атты 6-шы жыл сайынғы халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияны ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (NU GSPP), Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі, мемлекеттік қызметтің Астаналық хабы және SDSN Қазақстан қызметі.
Конференция аясында 6 панельдік сессия өткізілді.
Сессиялар аралас форматта (онлайн/офлайн) ағылшын тілінде өтті. Б.И. Рақышева адамдарға бағытталған басқару жолында: елдер перспективалары турасындағы 1-ші сессия аясында Стэнфорд университеті Демократия, даму және заң үстемдігі орталығының басқару жобасы аясында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару» әлеуметтік зерттеулері: жобаны ұйымдастыру, әдістеме, нәтижелер» тақырыбында баяндама жасады.
2022 жылғы 6 маусымда
2022 жылғы 6 маусымда сағат 00:01-де «31 арна» ТРК Informburo бағдарламасының тікелей эфирде «Қоғамдық пікір» институты директорының орынбасары А.Б. Мажитова Институт командасы 2022 жылғы 5 маусымда өткізген республикалық референдумға қатысушылар арасында экзит полл – сауалнама нәтижелерін жариялады.
Тікелей бейне жазу мына сайтта қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=QLscSeQRN70
«Қоғамдық пікір» институтының экзит-полл нәтижелерімен ақпарат мына сілтемеде: https://opinions.kz/kk/
2022 жылғы 10 наурызда
2022 жылғы 10 наурызда Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен түркі мемлекеттері арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті.
Алқалы жиынның салтанатты ашылуына Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі мемлекеттері ұйымының тұңғыш Бас хатшысы Халил Акынджы, Әзербайжан Республикасының алғашқы Премьер-министрі Гасан Гасанов, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің Қазақстан тарапынан өкілі Икрам Адырбеков, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының бірінші вице-президенті Иса Габибейлі, сонымен қатар елшілер, дипломаттар, депутаттар, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Онлайн форматта өткен басқосуда бауырлас мемлекеттер тәуелсіздігінің және туыс елдер интегрциясының 30 жылдығына арналған «Түркі дүниесі - 30» атты жинақтың таныстырылымы өтті. Кітаптың лентасын ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков пен Түркі академия басшысы Дархан Қыдырәлі кесті.
Аталған кітапта түбі бір түркі елдері мен халықтары ынтымақтастығының 30 жылдық белесінде елеулі еңбек еткен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйым басшылары мен елшілері, сарапшылары мен ғалымдарының естеліктері және пайымды пікірлері жинақталған. Жинақтағы мақалаларға бауырлас елдердің интеграциялық үдерістері, соның ішінде ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықтың қайта жаңғыруы, қарқынды дамуы арқау болған.
Онлайн рәсімде өткен конференцияның пленарлық отырысына Түркия Ғылым академиясының академигі Ахмед Аджар, Қырғыз-Түрік Манас Университетінің ректоры Алпаслан Джейлан, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі Мәдениет комитетінің төрайымы Ганира Пашаева, Қырғыз Республикасының Жокорку Кенешінің экс-депутат Қанибек Иманалиев, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі депутаты, Еуропалық Одақ-Әзербайжан парламенттік ынтымақтастық комиссиясының тең төрағасы Дживаншир Фейзиев, Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі депутаты, Экономикалық және әлеуметтік даму орталығының (CESD) төрағасы Вугар Байрамов, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты директорының орынбасары Санвар Валиев, Еуразиялық экономикалық байланыстар қауымдастығының төрағасы Хикмет Ерен, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының жоба жетекшісі Ботагөз Рақышева, Өзбекстан Ғылым академиясы Ұлттық археология орталығының вице-президенті Гайбулла Бабаяров, сонымен қатар танымал ғалымдар қатысып, баяндамалар жасады.
Пленарлық отырысқа Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли модераторлық етті.
Дереккөз: https://twesco.org/post/907?fbclid=IwAR2amFbJCV7d2hR6cc7LbXig9PdDDUosywSOVLOrIHq8adojUNZ_K63vb9o
2022 жылғы 24 ақпанында
2022 жылғы 24 ақпанында Ракишева Ботагөз Ислямқызы Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстандық отбасылар – 2022» ұлттық баяндамасының құрылымы мен мазмұнын талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Дереккөз: https://ru.kior.kz/2022/02/25/v-kior-pristupili-k-razrabotke-nacdoklada-kazahstanskie-semi-2022/
2 бет. Барлығы: 2
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- Алға
- Аяқ жағына