2024 жылғы 16 наурызда Ботагөз Ракишева ел дамуының өзекті мәселелері мен халықаралық күн тәртібін талқылау үшін құрылған Талдау Talks сарапшылар мен талдаушыларға арналған қоғамдық алаңның бірінші отырысына қатысты. Диалог алаңының бірінші отырысы Сенат спикері - Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өтті. Кездесуде Орталық Азия елдерінің даму перспективалары мен аймақтағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. АҚШ белгілі сарапшысы, Орталық Азия және Кавказ институтының негізін қалаушы, Джонс Хопкинс университеті жанындағы Жетілдірілген халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр арнайы шақырылды. Пікір алмасуға жас сарапшылар клубының мүшелері, Талдау мектебінің тәлімгерлері, түлектері, талдау институттары мен орталықтарының өкілдері қатысты.