2024 жылғы 16 сәуір. «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Ракишева Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің магистранттарына арнайы барып, «ҚР диаспоралық саясатының жаңа кезеңі» тақырыбында дәріс оқыды.