Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2024 жылы 20 қыркүйекте Астана қаласында (Қазақстан) "Түркітілдес елдердің ортақтығы: рәміздер, құндылықтар, идеялар" атты Халықаралық ғылыми семинар өтті. Ұйымдастырушылар: Түркі академиясы (https://turkicacademy.org ) және "Қоғамдық пікір" зерттеу институты (https://opinions.kz ). Семинарды Түркі академиясының вице-президенті, доктор Асхат Кесикбаев құттықтау сөзімен бастады.  Іс-шараның модераторы "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры, доктор Ботагоз Ракишева болды.

Халықаралық ғылыми семинарда түркітілдес бес елдің сарапшылары - Араз Гурбанов, Баку халықаралық мультикультурализм орталығы (Әзірбайжан), профессор Хаяти Тюфекчиоглы, AREL университеті (Түркия), доктор Кайратбек Джамангулов, Қырғызстан Ұлттық Ғылым академиясының әлеуметтік зерттеулер орталығы, доктор Шухрат Исакулов, экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі жанындағы Туризм комитеті (Өзбекстан), доктор Азамат Сеитов, әлемдік экономика және дипломатия университетінің перспективалық халықаралық зерттеулер институты (онлайн) (Өзбекстан).

Семинарға мемлекеттік және мемлекеттік емес талдау және ғылыми-зерттеу ұйымдары – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының, Еуразиялық интеграция институтының, «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері, Мемлекет тарихы институтының, «Аманат» партиясының Қоғамдық саясат институтының, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, М.Нарикбаев атындағы университет, Астана IT университеті, Эрзинджан Бинали Йылдырым университеті (Түркия), қоғамдық және халықаралық ұйымдар – «Қазақстан қырғыздары қауымдастығы», «Юнус Эмре институты», ТҮРКСОЙ және т.б. қатысты

Ғылыми семинардың екінші бөлімінде «Қоғамдық пікір» директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының магистрі Гулден Ашкенова, «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері антропология магистрі Қаламқас Есимова және саясаттанушы, мемлекеттік басқару магистрі Нургуль Хайдарова «Әлемдік кафе» форматында интерактивті пікірталас өткізді.