2025 жылғы 21 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доцентінің м.а., «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагоз Ракишева Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі (бұдан әрі – МСҰМ) Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – МБА) ұйымдастырған «Тәжірибеге бағдарланған оқыту: жетілдіру ерекшеліктері мен жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелге 2024-2025 оқу жылының бірінші жартысында дәріс оқыған практик-мамандар шақырылды және оларды бағалау негізінде Академия қызметі мен білім беру процесін жетілдіру жолдары қаралды. Дөңгелек үстел барысында МСҰМ МБА оқытушыларына алғыс хаттар табысталды. Академия магистранттарына «Зерттеу әдістері мен дизайны» оқу курсын оқыту мүмкіндігі үшін МБА және МСҰМ МБА басшылығына алғыс айтамыз.
Толығырақ:
https://www.facebook.com/academyofpublicadministration?locale=ru_RU