2026 жылғы 13 мамырда Назарбаев университетінде «Орталық Азиядағы көші-қон үрдістері: сыртқы және ішкі ықпал ету факторлары» атты Төртінші ғылыми семинар өтті.
Ұйымдастырушылар: «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі және Жоғары мемлекеттік саясат мектебі.
Алғашқы бірлескен ғылыми семинар «Еңбек көші-қоны: мәселелер, шешімдер, болашағы» атты 2016 жылдың 22-ші қаңтарында өткізілді. Ғылыми семинар аясында Назарбаев университетінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген еңбек мигранттарына арналған әлеуметтанулық сауалнаманың нәтижелері таныстырылды.
2019 жылғы 22 қарашада Назарбаев университетінде Екінші ғылыми семинар өтті. Оны Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Назарбаев университетінің кітапханасы және «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды. Панельдік пікірталаста негізгі баяндамашы ретінде көші-қон мәселелері бойынша маман Антониу Мендонса «Орталық Азия мигранттары Батыс Еуропада: саны, мобильділігі, профилі, сәйкестенуі» тақырыбында сөз сөйледі.
2020 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесінің (ҚХҚК) алаңында Үшінші ғылыми семинар өтті: «Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз көші-қон». Семинарды Қазақстанның халықаралық қатынастар кеңесі (ҚХҚК), «Қоғамдық пікір» зерттеу институты және Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі ұйымдастырды.
Толығырақ «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ресми сайтында:
https://opinions.kz/kk/sh-r-l-r/oshi-k-n-zhonindegi-gylymi-semin-rl-r
Модераторлар: Карес Шенк (Назарбаев университеті), Ботагоз Ракишева («Қоғамдық пікір» зерттеу институты).
Семинарда келесі спикерлер сөз сөйледі:
Карес Шенк, Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының қауымдастырылған профессоры – «Қазақстандағы көші-қонды зерттеудің қиындықтары»,
Аяулым Сагынбаева, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының жетекшісі – «Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі қазіргі көші-қон үрдістерін бағалау»,
Лейла Деловарова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессор міндетін атқарушы – «Орталық Азиядағы жаңа көші-қон үрдістері мен бағыттары»,
Нурхан Жалиев, «Отандастар қоры» КЕАҚ Стратегиялық даму және талдау департаментінің басқарушы директоры – «Шетелдегі отандастар Қазақстан дамуының стратегиялық ресурсы ретінде»,
Каламкас Есимова, антропология және этнология магистрі, «Қоғамдық пікір» зерттеу институты, Astana IT University – «Қазақстандағы қытай көші-қонының негізгі үрдістері»
Владимир Козлов, Назарбаев университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры – «Орталық Азиядағы ресейлік мигранттардың репродуктивті ниеттеріне ықпал ететін негізгі факторлар».
Семинарға онлайн қатысушы ретінде Хельсинкидегі Александров институтының (Aleksanteri-instituutti) PhD докторы Лариса Кангапуро пікір білдірді.
Ғылыми семинар бағдарламасы (қазақ тілінде)
Ғылыми семинар бағдарламасы (орыс тілінде)