2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Coventry University Kazakhstan базасында ««Цифрлық өзгерістер дәуіріндегі Қазақстан жастары» тақырыбында сарапшылық пікірталас өткізді.
Іс-шараға «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры әрі пікірталас алаңының модераторы Гүлісхан Нахбаева құттықтау сөз сөйлеп, цифрлық өзгерістер жағдайындағы мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтарына тоқталды.
«Қазақстан жастары» атты әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанулық зерттеулер және болжау басқармасының басшысы Сабина Шаймерденова таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова жастарға ықпал ететін заманауи әлеуметтік үдерістерге сараптамалық баға беріп, жас ұрпақтың құндылықтары мен қоғамдық көңіл-күйінің трансформациясына қатысты аналитикалық көзқарасын ұсынды.
Қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы саясаты бөлімінің басшысы Ақнұр Иманқұл цифрлық ортаның отбасы институтына, жастардың әлеуметтенуіне, құндылықтық бағдарларының қалыптасуына, сондай-ақ жастар мінез-құлқының гендерлік ерекшеліктеріне әсеріне тоқталды.
Сарапшылық пікірталасқа сондай-ақ «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева, зерттеуші-тағылымдамашылар Эллиот Бароу, Франциядағы Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінің магистранты, және Амира Амеркулова, Paris Nanterre University университетінің әлеуметтану мамандығының бакалавры қатысты.
Толығырақ: https://eljastary.kz/?p=3076