2026 жылғы 17 шілдеде Астана қаласында Қазақстандық қоғамдық даму институты «Sarap» сарапшылар клубының «Электоралдық ландшафт – 2026: қоғамдық күтулер мен сайлау үрдістері» тақырыбындағы отырысын өткізді.
Іс-шараға сарапшылық және академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.
Отырыс барысында Қазақстандық қоғамдық даму институтының екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1200 респондент).
«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагөз Ракишева отырысқа қатысып, талқылауға өз үлесін қосты.