2026 жылғы 22 шілдеде Астана қаласында Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) «Талдаудан іс-қимылға: Мобильділікті бақылау матрицасының (MTM) нәтижелерін бағдарламалық жоспарлауда қолдану» атты зерттеу нәтижелерін таратуға арналған семинары өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, даму жөніндегі әріптестердің, дипломатиялық миссиялардың, Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттіктерінің, академиялық қоғамдастықтың және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында ХКҚҰ-ның көші-қон процестерін, еңбек мобильділігінің үрдістерін өлшеуге және жаңа көші-қон трендтерін анықтауға мүмкіндік беретін MTM зерттеуінің нәтижелері таныстырылды. Зерттеу аясында халықаралық еңбек мигранттарымен 2 600 сұхбат, негізгі ақпарат берушілермен 7 600-ден астам сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, жұмыс істеу және білім алу мақсатында шетелге шығатын Қазақстан азаматтарымен жүргізілген 5 100-ден астам сұхбаттың алдын ала нәтижелері алынды. Зерттеу барысында еңбек мигранттарының шығу елдері, жұмыспен қамту секторлары, баратын елдерді таңдау ерекшеліктері және осалдықтың пайда болып жатқан факторларын қоса алғанда, мобильділіктің негізгі модельдері туралы деректер жиналды. Семинарға Институт директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ракишева Ботагөз, ғылыми қызметкер Көміртай Аружан, сондай-ақ Франциядағы Жоғары әлеуметтік ғылымдар мектебінің магистранты, зерттеуші-стажер Эллиот Бароу қатысты.
Толығырақ: