Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

Қазақстандағы ХКҚҰ ұлттық серіктестерді әлеуетті мигранттармен жұргізілген сауалнамалар нәтижелерімен таныстырды

2026 жылы 19 қазанда Астанада БҰҰ Үйінде мемлекеттік органдардың, академия, ғылыми-зерттеу институттарының және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері Қазақстандағы ХКҚҰ-ның «Ұтқырлықты Бақылау Матрицасымен (MTM) әлеуетті мигранттар арасында жұргізілген сауалнамалар нәтижелері» атты ұлттық мүдделі тараптарға арналған брифингіне жиналды. Кездесу барысында ХКҚҰ шетелге жұмысқа орналасу және білім алу мақсатында көшуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректерді ұсынды.

2026 жылдың наурыз және сәуір айлар аралығында Қазақстанда әлеуетті мигранттармен жұргізілген сауалнамалар (PMS) деректеріне сүйене отырып, ХКҚҰ-ның MTM жүйесі шетелге үш айдан астам мерзімге көшуді жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарының профильдері, ұмтылыстары, шешім қабылдау үрдістері және көші-қон ниеттері туралы мәліметтер берді.

Жаңа нәтижелерді ұсынумен қатар, брифинг ұлттық серіктестерге көші-қон деректері үкімет пен БҰҰ бағдарламаларын қалай қолдай алатынын және көші-қон саясатына қалай үлес қоса алатынын талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар нәтижелердің еңбек ұтқырлығы, білім беру, мигранттарды ақпараттандыру және қолдау қызметтері, дағдыларды дамыту және жеке сектормен өзара әрекеттесу үшін маңызын қарастырды. Талқылау барысында, сонымен қатар, ақпарат беру барысында болатын кемшіліктер мен болашақта талдау жүргізуді жақсарту үшін жаңа басымдықтары айқындалды.

Іс-шара ХKҚҰ-ның Қазақстан Республикасы Үкіметі көші-қон туралы уақтылы, сенімді әрі іс жүзінде қолданылатын деректерді ұсынуға бейілділігін айшықтады. Дәлелді база мен мүдделі тараптардың көзқарастарын біріктіре отырып, брифинг көші-қонды тиімдірек басқаруды қолдау мақсатында саясат пен бағдарламаларды әзірлеуде нақты деректерді пайдалануға ықпал етті.

ХКҚҰ-ның MTM үкіметтер мен серіктестер қолдана алатын көші-қон мен халықтың ұтқырлығы ұрдістерін жақсырақ түсінуге көмек беретін деректерді жинайды және таратады. 

Соңғы ақпаратпен және өнімдермен https://dtm.iom.int/kazakhstan  сайтында, сондай-ақ Қазақстандағы ХКҚҰ-ның «Көші-қон бойынша деректер мен дереккөздер» бөлімінде танысуға болады

Толығырақ: https://www.instagram.com/p/DerVFcUgkNV/ 

 

▲