2024 жылғы 17 шілдеде «Қытай дипломатиясындағы конфуцийшілдік және даосизм» сараптамалық кездесуі өтті. Спикер - Клара Шайсултанова Хафизова, қытайтанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ЮНЕСКО қамқорлығымен Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. Сараптамалық кездесудің модераторы антропология және этнология магистрі, "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Каламкас Саурбаевна Есимова болды. Сараптамалық кездесу офлайн форматта өткізілді.