2024 жылғы 25 қарашада Алматыда ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен "Халықаралық көші-қон процесінің өзекті трендтері: сын-қатерлер мен перспективалар" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті.
Бұл іс-шараның мақсаты – жаңа шындықтар мен орнықты даму контекстінде Халықаралық көші-қон мәселелері бойынша көпжақты диалогты нығайту.
«Қоғамдық пікір» Зерттеу институтының директоры Ракишева Ботагоз Ислямовна дөңгелек үстелде «Шетелдегі қазақтар: негізгі тенденциялар, елдер, мотивтер» атты баяндамамен сөз сөйледі.
Толығырақ: https://farabi.university/news/92227