Қазақстан Республикасы, Астана қ.,
Ә.Бектуров көшесі 3/1, 83 кеңсе
+7 7172 24 84 26, +7 700 424 84 26 
opinions@opinions.kz

2024 жылы 19-20 желтоқсанда Шанхай қаласында «ШЫҰ-на әйелдер көзқарасы: болашақты бірлесіп құру» атты 4-ші Халықаралық Конференция өтті. Конференцияны Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы (ШАМИ), Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының талдау орталықтарын құру Қоры, ШЫҰ-ның тату көршілік, достық және ынтымақтастық жөніндегі Қытай Комитеті ұйымдастырды. Конференцияға Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Ресейден келген әйел сарапшылар қатысты. ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин қатысушыларға құттықтау сөзін сөйледі.

«Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Ботагоз Ракишева WVS World Values Survey құндылықтары бойынша Дүниежүзілік зерттеу нәтижелері негізінде дайындалған "Ортақ құндылықтар - ынтымақтастық үшін негіз" атты баяндамасымен сөз сөйледі. Баяндамада ШЫҰ елдерінде, яғни Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінде жүргізілген әлеуметтік сауалнамалардың салыстырмалы нәтижелері көрсетілді.

Конференция жайлы толығырақ мына сілтемеде:  https://www.siis.org.cn/jx/16319.jhtml