2025 жылғы 14 қарашада «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері – әлеуметтану магистрлері Ибраева Айнұр мен Ашкенова Гүлден Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Айнұр мен Гүлденнің кәсіби қызметі 15 жылдан астам уақыт бойы қолданбалы әлеуметтанулық зерттеулермен тығыз байланысты: еліміздің түкпір-түкпірінде далалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, этносаралық ахуалды мониторингілеу, этномедиацияны дамыту, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар зерттеу жобаларын іске асыру.
Қазақстан халқы Ассамблеясына және ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесіне еңбегімізге жоғары баға бергені және жемісті ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз.